• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТ…

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК АКТІЛЕРІН ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ СҰРАҚТАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының «Еңбек және салалық заңнаманы, әлеуметтік әріптестік актілерін тәжірибеде қолданудың бірқатар сұрақтары» тақырыбындағы кезекті көшпелі семинары өткен оқу жылының қорытындысы бойынша «Үздік ауыл мектебі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, 1 миллион теңгенің сертификатына ие болған Мойынқұм ауданындағы Тұрар Рысқұлов атындағы тірек мектебінде өтті.

Модераторлар қатарында Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков, Кәсіподақтың Біріккен комитетінің төрағасы, заңгер Жанболат Орынбеков, Кәсіподақтың құқықтық қызмет басшысы Әлия Джолшибекова мен «Еңбекші» газетінің бас редакторы Бейбіт Бекназаров болса, тыңдаушы ретінде аудандағы барлық білім мекемелері мен ұйымдарының басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, қаржы-экономикалық қызмет мамандары қатысты.

Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселенің бірі - «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі арасында 2024-2026 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы Келісім мен Ұжымдық шарттың нормаларын түсіндіру болды.

Жиынды ашқан Мойынқұм аудандық оқу-ағарту қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Бахтияр Махамедов барлық қатысушыларға аталған құжатты үлестіре отырып, іс-шараның мақсатымен және модераторлармен таныстырып өтті. Алғашқы болып сөз алған Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков 2024-2026 жылдарға жасалған әлеуметтік әріптестік туралы Келісім мен Ұжымдық шарт арқылы сала қызметкерлері-кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік жағынан мүмкіндігінше қорғауға кәсіподақ үлкен жұмыс атқарғанын, себебі құжаттың басым бөлігі қаржы шығынын қажет ететін нормалар екенін айтып, сол нормалардың қабылдануаны қолғабыс жасағаны үшін бас әлеуметтік әріптес - облыстық білім басқармасына алғысын білдірді.

Кәсіподақтың құқықтық қызмет басшысы Әлия Джолшибекова Келісімнің артықшылықтарына тоқтала келе құжаттағы нормалар тек кәсіподақ мүшесі болып табылатын қызметкерлерге және оған қосылған тұлғаларға ғана таратылатынын айтып, құжатқа сай жұмыс берушінің ішкі еңбек тәртіп ережесі; оқу сабақтарының кестесі; жұмыс кестелері; демалыс кестелері; педагогикалық қызметкерлердің оқу жүктемесі; педагогикалық қызметкерлердің қолданыстағы біліктілік санатын төмендету мақсатындағы кезектен тыс аттестациясын тағайындау туралы шешімі; біліктілік санатын төмендету туралы шешім мен еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулық міндетті түрде бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетімен келісе отырып қабылданатынын жеткізді.

Сондай-ақ, еңбек жағдайларының өзгеруі туралы бұйрықтар; жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарттарын бұзу туралы бұйрықтар; жұмысшыларға мереке және демалыстағы жұмыс күндерді хабарлау туралы бұйрықтар; штаттық кестенің қысқаруы мен өзгеруі туралы бұйрықтар; көтермелеулер туралы бұйрықтар; сыйақы беру, қосымша төлем тағайындау мен материалдық көмек көрсету туралы бұйрықтар; толық емес жұмыс күні режимін енгізу туралы бұйрықтар; күнделікті жұмысты бөлшектеу туралы бұйрықтар; жұмыс уақытының жиынтықталған есебін қолдану туралы бұйрықтар; икемді жұмыс уақыты режимін белгілеу туралы бұйрықтар бастауыш кәсіподақ ұйымының, сондай-ақ аудандық немесе қалалық, яки облыстық деңгейдегі кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескере отырып қабылданатыны туралы ескертті.

Бұдан бөлек ХІІІ тараудан тұратын құжаттың әр тарауына егжей-тегжейлі тоқталып, түсіндіріп өтті. Көшпелі семинарға қатысушылар заңнамадағы өзгерістер мен Келісімнің тараулары бойынша түсіндірулерге белсенді қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

 

 

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.

Жарияланған күні: Қыр. 11, 2024
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты