• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЖАС КӘСІПОДАҚ КӨШБА…

ЖАС КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫСЫ

Кәсіподақ жұмысы білім ұйымдарындағы бастауыш кәсіподақ төрағаларымен тығыз байланысты. Мәселелері, атқарған жұмыстары, көптеген басқа бағыттары бойынша сан салаға бөлініп кете береді. Кәсіподақ төрағалары ішінде жас бастауыш кәсіподақ төрағаларының жұмысын ширату басты міндетіміз.

«Жас келсе – іске» демекші, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы «Асусай мектеп-балабақша кешені» КММ бастауыш кәсіподақ төрағасы Қызырбекова Айтолқын Болатбекқызы туралы сөз етуді жөн көрдік. Өз жұмысын тыңғылықты атқарып. ұжымды береке бірлікке шақыра отырып, ұжым ішіндегі ауқымды шаралар ұйымдастырады. Жас кәсіподақ көшбасшысы атқарған жұмыстарын, тәжірбиесін аудандық семинарда таратып келеді.

Айтолқын Болатбекқызы 1997 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылында дүниеге келген. 2003-2013 жылдар аралығында Өскемен қаласы әкімдігінің «№45 бейімделген орта мектебі» КММ білім алып, 2013-2017 ж.ж. Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжін «Тәрбие жұмысын ұйымдастырушы» мамандығын тәмамдады. 2017-2019 жылдары Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 47 жалпы білім беретін мектебі» КММ ұйымдастырушы-педагог болып жұмыс атқарды. 2019 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен Асусай мектебіне тәлімгер болып орналасты. Алғашқы күннен бастап, ол берілген тапсырмаларды дер кезінде, тиянақты орындап, өз ісіне жауапкершілігін, ұқыптылығын көрсетті. 2020 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚ мемлекеттік университетінің «Биология пәні мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдады.

Айтолқын Болатбекқызы – үнемі білімін жетілдіріп, заман талабына қарай жаңартылған білім беру мазмұнында көкжиегін кеңейтіп жүретін ұстаздардың қатарында. Оқушылар арасында білім мен тәрбиені қатар насихаттап, мектептің тәрбие саласына қосқан үлесі зор. Үнемі түрлі іс-шаралардың ұйымдастырушысы, алдына қойған мақсат-міндетін тиянақты орындайды.

2022 жылдан бастауыш кәсіподақ төрағасы болып сайланды. Қоғамдық орындарда, ұжым ортасында жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтай біледі.Ұжымда сыйлы, іс-тәжірибе барысында білгенін бөлісіп, оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуы жолында аянбай еңбек етеді. Еңбек етіп келе жатқан жылдары ішінде табыстарға жетіп, біршама марапаттарға ие болды.

Айтолқын Болатбекқызы – қабілетті, білімді, еңбекқор өнерге деген ынтасы зор. Жаста болса бастауыш кәсіподақ жұмысын шеберлікпен орындап жүр.Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым. Өзіне тапсырылған жұмысты аса жауапкершілікпен атқарады. Аудан мектептеріндегі жас кәсіподақ көшбасшылары Айтолқын Болатбекқызына қарап, оны үлгі тұтып, оған қарап, бой түзейтіндігі анық.

#ТарбағатайАқжарбілімкәсіподағы

Жарияланған күні: Маусым 27, 2024
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты