• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ – ІСКЕ

Болашақтың кілті, елдің ертеңі - білімді жастар. Білімділігімен қоса рухани дамыған, еліміздің ертеңгі тұтқасын ұстайтын - ойы озық жастар екені сөзсіз. Қазіргі таңда табанды еңбек етіп, алдындағы шәкірттердің оқуға қызғушылығын арттырып, жүлделі орындардан көрінуіне өз үлестерін қосып жүрген жас ұстаздар жетерлік, солардың бірі - Сламова Қаракөзайым Әлқуанышқызы.

📝Сламова Қаракөзайым Әлқуанышқызы Ақтөбенің Әйтеке би ауданында дүниеге келген. 2017 жылы мектепті аяқтап, сол жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. 2021 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығын қызыл дипломмен аяқтады. Еңбек жолын Сарбұлақ ауылында орналасқан Мамыт негізгі орта білім беретін мектебіне «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып бастайды.

✏️Қаракөзайым Сламова өз ісінің кәсіби маманы, білікті педагог ретінде ауыл тұрғындарына жақсы таныс. Әр мұғалім еңбек жолында шәкірт тәрбиелеуде үздік оқу әдісін қолданады, оны үнемі жетілдіріп отыруға тырысады. Сабақты жаңа технологиялармен ұштастырып өтудің нәтижесінде оқушылардың білім алуға қызығушылығы артып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні балалардың асыға күтетін сабағына айналды. Ол 3 жылдан бері мектепшілік іс-шараларға белсене араласып, аудандық, облыстық, республикалық көлемдегі сайыстар мен жарыстардан жүлделі орындарды иеленіп жүр. Ұстаз жұмысының нәтижесі – оқушы жетістігі екені анық. Озаттар қатарынан табылатын шәкірттері қазіргі уақытта жарыстар төрінен төбе көрсетіп, аудан абыройын арттыруда. Тың идеяларды басшылыққа ала отырып, жаңаша көзқараспен дарынды шәкірттер санын көбейтіп, жас болса да елеулі жұмыстарды атқарып жүр.

📎Қаракөзайым Әлқуанышқызы - ешқашан мойымайтын, ойына алғанын іске асыратын нағыз маман. Бастауыш кәсіподақ ұйымында да белсенді. Әрбір ұстазынан үлгі-өнеге алған Қаракөзайым Сламова сол ұлағатты жандардың ізімен жүріп келді. Бойына өмірден біліп-түйген тәжірибесін сіңірді. Ізденіспен, терең оймен еңбек еткеннің нәтижесінде жас ұстаз көптеген жетістікке қол жеткізді. Оның бәрін тізбектеп шығу мүмкін емес. Дегенмен, жыл сайын қалалық, облыстық байқаулардың жүлдегерлерін дайындағаны үшін мақтау қағаздарымен, Алғыс хаттармен марапатталды.

📌Жетістіктері:

2021 жылы Облыстық педагогикалық олимпиадада ІІІ орын;

2022 жылы Облыстық эссе байқауында мақтау қағазы;

2023 жылы «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» аудандық жас мамандар байқауында алғыс хат;

2023 жылы «Шәкәрім мұрасы - ұрпаққа аманат» облыстық олимпиадасында І орын;

2023 жылы республикалық «Үздік ашық сабақ» байқауында І орын;

2024 жылы «Үздік эссе» байқауында сертификат;

2024 жылы «Жас ұстаз-2024» аудандық байқауында І орын;

2024 жылы «Үздік оқырман-2024» аудандық байқауында І орын;

2024 жылы «Сахнадан сәлем-3» фестиваль-байқауында ІІІ орын иеленді.

🖇️“Ұстазы мықтының ұстамы мықты”. Өскелең ұрпаққа білім нұрын шашып жүрген Қаракөзайым Сламованың шәкірттері әлі талай биіктерді бағындыратыны сөзсіз. Өзінің саналы ғұмырында оқушыларға білгенін үйретуден жалықпайтын, әрбір шәкірттің қарым-қабілетін анықтайтын Қаракөз Сламова құрмет биігінде қаларына сеніміміз мол…

Жарияланған күні: Маусым 21, 2024
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты