• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы», – демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару – екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған.

🗞️«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан», – деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, әрқашанда ұстаздықтың шоқтығы биік тұрады емес пе? Мәртебесі биік, білікті маман, ұрпақ болашағын ең бірінші орынға қоятын ұстаздардың бірі —Әйтеке би ауданы Еңбекту жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Бегалина Сағыныш Ержанқызы.

📝Ұстаз деген ардақты мамандықтың мәртебесін аласартпай, саналы ғұмырының 18 жылының ұстаздық жолға арнаған Бегалина Сағыныш Ержанқызы бүгінде қоғамдық даму деңгейінен көрінетін, өз ісіне адамгершілік сезіммен қарайтын тәлімгер ұстаз! Ол өмір талабына сай жас ұрпаққа білім беруде, бүгінгі күн жаңалықтарын игеруге көп көңіл бөліп үнемі ізденіс өсу үстінде көрінуде.

✏️Ұстаз бақыты – шәкірт алғысымен келеді десек, Сағыныш Ержанқызы шәкірттердің алғысына бөленіп жүрген бақытты ұстаз. Сабырлы, салмақты мінезі, бейімділігі мен байыптылығы, ұйымдастыра білу қабілеттілігі бойынан анық көрінеді.

🖇️Дана халқымыз «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, ұлағатты ұстазынан білім алып, ұстаздық кәсібін таңдап, бүгінгі таңда оқушыларға білім нәрін беріп, ұлы істің игі жолында аянбай қызмет жасап жүрген шәкірттері де баршылық. Шәкірт бойындағы табиғи дарын ұшқындарын сөндіріп алмай, шығармашылық еңбек үстінде оған қанат бітіру, білімге шексіз құштарлық дәнін себу – Сағыныш Ержанқызының еңбегінің бір парағы.

🔰Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулып, бірнеше шәкірті облыстық ғылыми жобалар байқауында және ақындар мүшәйрасында жүлделі орындарға ие болды. Ізденіспен, терең оймен еңбек еткеннің нәтижесінде көптеген жетістікке қол жеткізді. Оның бәрін тізбектеп шығу мүмкін емес...

💫Дегенмен, жыл сайын қалалық, облыстық пәндік олимпиада жүлдегерлерін дайындағаны үшін алғыс хаттармен, дипломдарымен марапатталған.

✨Халқымыздың тарихы мен әдебиетін, өнері мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, тілі мен дінін, ділін құрметтейтін саналы ұрпақ тәрбиелеу ұстаздар қауымына жүктелген зор міндет. Ал, соны барынша артығымен атқарып жүрген өз ісінің шеберіне шығармашылық толағай табыстар мен жетістіктер тілей отырып, абыройыңыз арта берсін демекпіз!

Жарияланған күні: Маусым 5, 2024
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты