• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ТАСҚЫНМЕН КҮРЕС – О…

ТАСҚЫНМЕН КҮРЕС – ОРТАҚ ШАРУА

Тасқын суға қарсы күресте Атырау облысының 31 мыңға жуық мүшелерін басын біріктірген жоғары ғылым мен білім беру салалық кәсіподақ ұйымы да барша халықпен иықтаса бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еселі еңбектің үлгісін танытуда. «Берекені көптен тілеме, бірлігі мол көптен тіле» дегендей, ауызбіршілігі мықты ұйымның қала, аудандағы мүшелері өндірістен тыс уақытта ауылдар мен қаланы қоршау ісінде еріктілер сапында жүр. Мұның нақты дәлелі ретінде, 15-16 сәуір күні «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлының Индер және Махамбет аудандарына барған іс сапарында анық айқындала түсті.

Төраға осы жолы Индер ауданының Құрылыс ауылындағы М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебі, Махамбет ауданындағы Есбол, Қызыл үй және Алға орта мектептерінің ұжымдары еңбек етіп жүрген су жағаларында болды. Бұл жерлерде еріктілер уақытпен есептеспей 6 – 10 шақырым аралығындағы Жайық жағасымен және ауыл шетін тығыз бекітуде. Беркітілген графикке сай түнгі кезекшілікке де шығып жүргендері де бар. Жергілікті тұрғындарға көмекке қосымша әскери борышын өтеп жүрген Құрылысқа – 100, Еспол ауылдарына – 60 жауынгерлер келіпті. Жергілікті басқару әкімшіліктері тарапынан бөлінген техникалар да тынымсыз қоршау соғуда. Қуатты техника күштерінің жанар-жағар майлары да, қол күші иелерінің мектеп асханасынан ішер ас-сулары да әркез әзір.

Ақжайық селолық округінде ардагерлер кеңесінің төрағасы Малік Тажіғалиев, округ әкімі Ақтұрлан Ерманов, мектеп директоры Қонысбай Аманиязовтармен Жайық бойындағы жұмыстар қадағаланып, сонау 1994 жылғы су тасқыны кезінен естеліктер айтылып, селоға жасалған кейбір қоршаудың осал жерлерін әлі де мықтап бекітуғе ұсыныстар берілді.

М.Мөңкеұлы атындағы және Есбол орта мектептерінің директорлары Қонысбай Оразбаев, Алибек Олжағалиевтың, Алға орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Таңатар Құлахметтің тарапынан болған ұсыныс-тілектері жоғары облыстық штаб мүшелерінің қаперіне берілетіндігі айтылды.

«Тасқын су талдан асса да, жардан аспас» деген сөздің түпқазығы, халықтың күшімен тұрғызылған берік те, биік жар қабақтарынан биылғы тасқын су аса қоймас деген сенім қалды.

 

«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі

Жарияланған күні: Сәуір 17, 2024
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты