• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БІРЛІГІ МЫҒЫМ БЕРЕК…

БІРЛІГІ МЫҒЫМ БЕРЕКЕЛІ ОРДА

Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бүгінде мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жолындағы инновациялық бағдарламалар жүзеге асуда. Адамның өзі туралы естеліктері балалық кезеңнен бастау алары анық. Адам болып қалыптасуы да балалық шақтың қалай өтуіне байланысты. Іргетасы мығым сарайдың еңсесі де биік болады. Бұлақтың да қайнар көзі таза болса,асауөзен алысқа ағары мәлім.Қарағанды қаласының орталығында орналасқан «Бақыт» бөбекжайы-балақайлардың жас құрақтай жайқалып өсіп келе жатқан білім ордасы. Іші жүрек жылуына, сырты балалардың шаттық күлкісінетолы.Ата –аналар балаларын заман талабына сай білім мен тәрбие беретін ошаққа қуанышпен, үлкен сеніммен білікті тәрбиеші мамандарға тапсырады. Тәрбиешілердің зор еңбегінің арқасында бүлдіршіндер халықаралық, республикалық, облыстық, калалық зияткерлік сайыстарға үзбей қатысып,жүлделі орындарға ие болып жүр.Бөбекжайдағы барлық қызметкерлер –кәсіподақ мүшелері. Ұжым өзіне жүктелген жұмыстарды бір кісідей ұйымшылдықпен аткарады. Кәсіподақ ұйымы балабақша әкімшілігімен және ұжыммен тығыз байланыста.Кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғай отырып ұжымдық келіссөздер жүргізіп, ұжымдық келісім шарттың мазмұнын қызметкерлердің мүдделеріне сай болуын қамтамасыз етеді. Бөбекжайдың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Мухина Гүлдархан Амангелдіқызы өз ісінің шебері. Кәсіподақ қай уақытта да еңбек адамымен бірге,өз жоспары бойынша барлық іс шараны өте жоғары деңгейде өткізеді.Бөбекжай ұжымы жыл сайын Қазыбек би аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақтар ұйымы ұйымдастыратын іс шараларға қатысып белсенділік танытады.Қоғамдық шаралардың да бел ортасынан табылуға тырысатын әріптестердің де еңбектері бағаланып 8- наурыз қарсаңында, Қазыбек би атындағы ауданының білім беру қызметкерлері кәсіподағының марапаттарына ие болды.Адал еңбектің бағалаушысы барда белсенділер де көбейе түсері анық.Бұл біздің әріптестеріміз және бөбекжай үшін биік белес.Бөбекжайда түрлі іс-шаралар өткізіліп отырады, соның бірі Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы. Жақсылықтың жаршысы ынтымақтың белгісі болған бұл мерекеге орай бөбекжайда кәсіподақ ұйымының қолдауымен, әріптестер арасында «Наурыз аруы-24» байқауы өтті.

Байқауға ұжымнан бес маман қатысты. Аруларымыз өмірде, өнерде қабілеттерінің биік, талғамдарының зор,өнерлерінің өрісті екенін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша жас маман бас жүлдені Аяулым Саматқызы, бірінші орынды бір басына бірнеше өнерді жинаған нағыз қазақ қызы деп айтуға лайық Асан Мархаббат, екінші орынды өнермен білімді қатар алып жүрген Омарова Самал Қайырлиевна, үшінші орынды өз ісінің шебері Мұрат Еркежан, «Көреремен көзайымы» номинациясына Жакупбаева Айнұр Мұратқызы ие болды. Аруларымыз Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сайыстың арасында әріптестер арасынан «Әжелер» ансамблі, «Жас таланттар» оркестрі,мың бұралған бишілерөнер көрсетіліп, ұлттық ойындар ойнатылды.

Осылайша наурыз мерекесі бөбекжайда өте жоғары деңгейде өткізілді.Сондай-ақ үнемі қолдау көрсетіп отыратын Қазыбек би аудандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіпододағының төрағасы Қашенова Марал Елубайқызының еңбегі ерекше, кәсіподақ мүшелерін қорғап, демеу болып, бағыт беріп отырады. Аудандық кәсіподақ ұжымына істеріне береке ал бала тәрбиесіне тынбай үлес қосып жүрген «Бақыт» бөбекжайының ұжымына тек сәттілік тілеймін.

 

 

З.Нығыметова,

«Бақыт»бөбекжайының директоры.

Қазыбек би ауданы, Қарағанды облысы.

Жарияланған күні: Сәуір 3, 2024
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты