• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • КӘСІПОДАҚ - ЕҢБЕК А…

КӘСІПОДАҚ - ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ

Наурыз мерекесі қарсаңында Ақтау қалалық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының арасында жиналыс ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шараның мақсаты жалпы кәсіподақ қозғалысы, оның ішінде 2024-2026ж жасақталған Ұжымдық шартқа енгізілген толықтырулар мен өзгерістер туралы және мерекелік марапаттаулар.

Жиынға Ақтау қаласының 66 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымдары мен белсенді әлеуметтік әріптестер, қалалық білім беру мекемелерінің директорлары және облыстық кәсіподақтың құқықтық қызметттер жөніндегі бас маманы Н.С.Храмова қатысты. Мерекелік жиынды Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы филиалының төрағасы К.Еңсегенова жиынға қатысушыларды Ұлыстың ұлы мерекесімен құттықтады. Одан әрі кәсіподақ қозғалысы, атқарылып келген жұмыстар туралы, кәсіподақ жұмысының негізі-бірлік пен ынтымақтастық екендігін атап өтті.

Қазіргі таңда қоғамның әділдікке деген жоғары сұранысы аясында әлеуметтік - еңбек қатынастарының қазіргі жағдайына ерекше назар аударды және қарапайым жұмысшыларды қолдау мәселелерінде кәсіподақтардың ерекше рөлі зор екендігі, басты мақсат - еңбек адамын құрметтеп, қолдауымыз керек.

2023 жылы арыз-шағым нәтижесінде еңбек қызметкерлеріне - 4 899 986,55 тенге қайтарылып төленді. Міне осы бағытта, кәсіподақ ұйымының ең қуатты құралы – ұжымдық келісім шарт. Осы ұжымдық шарт бойынша ең ауқымды да күрделі жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде барлық филиалдарға ұжымдық шарттың жобасы ұсынылып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 2024 жылдың ақпан айының соңына дейін 66 бастауыш кәсіподақ ұйымының ұжымдық шарттары Еңбек инспекциясына тапсырылып және 3 бастауыш ұйымға қосымша келісім шарт жасақталғандығын атап өтті.

Әлбетте, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасындағы түсінбеушіліктерді болдырмау мүмкін емес, дегенмен еңбек дауларының пайызын барынша азайтуға, мәселені шешуге, екі жақты келісімге келтіруге тырысамыз. Міне, осы бағытта әлеуметтік әріптестік ретінде ұйым директорларының белсенділігі мен ұжым қызметкерлерінің кәсіподақ мүшелігінің тұрақтылығы мен санын арттырудағы ерекше үлестері мен қолдаулары аталып өтті.

Жиын соңында Кәсіподақ ұстанымы - еңбек адамының сенімді тірегі болу. Осы мақсатта әрбір бастауыш ұйым төрайымдары өз мүшелерінің сенімді тірегі болу, жаңа қоғамдық сананы қалыптастыру және жұмысшыларға деген құрметті арттыру үшін жоғары кәсіби деңгейге ие болуы керек деп қорытындылады.

Мерекелік жиында қатысушылар тарапынан жылы лебіздерін жеткізе келе, кәсіподақ белсенділеріне Наурыз күні мерекесіне орай, білім беру саласындағы елеулі үлесі мен абыройлы еңбегі және әлеуметтік әріптестіктің нығаюына қолдау көрсеткені үшін Облыстық кәсіподақтың, Ақтау қалалық кәсіподақ филиалының атынан Құрмет грамоталар және сыйлық сертификаттар табысталды.

 

А. Әбиева,

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы

Ақтау қаласы

Жарияланған күні: Наурыз 27, 2024
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты