• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

«Еңбек адамы» атты тұрақты айдарымызда – ұстаз Мұхтар Бану Ахметханқызы. Ғұмырының саналы бөлігін шәкірт тәрбиесіне арнаған кейіпкеріміз 1967 жылы 25 наурызда Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қарабұтақ ауылында дүниеге келген.

📚Жастайынан ұстаздық жолды таңдаған Бану Ахметханқызы бүгінде Қарғалы ауданында №2 Бадамша орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. Бұл салада қызмет етіп жүргеніне 34 жыл уақыт болған.

🖇️Бану Ахметханқызы өзінің адамгершілік қасиеттерімен, кәсіби біліктілігімен оқушылардың сүйікті ұстазы, сыйлы әріптеске айнала білді. Ол мектепішілік шаралардың жоғары деңгейде өтуіне тікелей араласып, өзі бірге атқарысып , оқушымен де, ата-анамен де, ұстаздармен де бірлесе етене жұмыс жасай білетін көшбасшы мұғалім. Бойына адалдық, әділдік, қамқорлық, еңбекқорлық сынды жақсы қасиеттерді жинай білген ұстаз, оқушылар мен ұжымдастарына сыйлы, ата-аналар арасында үлкен құрметке ие.

📖Оның еңбек жолында жеткен жетістері аз емес. Бану Ахметханқызы өзінің іс-тәжірбиесімен бөлісу мақсатында аудандық, облыстық, республикалық шаралараға белсене қатысып, түрлі жетістіктер мен марапаттарға ие болған. Шәкірттерін де аудандық, облыстық, республикалық байқауларға қатыстырып, талай бәйге алып жүр.

📗Ұстаз үшін берілген білімнің қаншалықты баланың санасына жетіп, көкейінде қалуы маңызды. Болашақта өзі еккен ағашының біртіндеп бүршік атып, жемісін беруі – әрбір ұстаздың қуанышы мен арманы. Ұлы жолдың бойымен келе жатқан ұлы ұстаздарымызды ұлықтау – тұтас елдің парызы.

📰Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның сөзінше, ұлтқа қызмет ету мінезден. Бұл – Бану Ахметханқызына қарата айтылған. Себебі оның әріптестері мен шәкірттері мінезді мұғалім ретінде бағалайды. Ұлағатты ұстаздың ел болашағын тәрбиелеуде тынымсыз күндер мен түндерді артқа тастап, абырой биігінде келеді. Оның жеткен жетістігі, шыққан асуынан гөрі әлі қоғамға берері мол. Сондықтан, білім сапасының артуына өз үлесін қосып, талай жыл талмай-қажымай еңбек етіп келе жатқан еңбек адамының биік тұғырынан түспей, әлі де біраз белесті бағындыра беретініне сеніміміз мол.

Жарияланған күні: Наурыз 26, 2024
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты