• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

Тәжірибелі педагог Кереева Жаңылша Құрамысқызы Кеңқияқ жалпы орта білім беретін мектебінде 1989 жылдан бері еңбек етіп келеді. «Еңбек адамы» айдарында шәкіртінің пәнге деген қызығушылығын арттырып, құштарлығын оятқан, өз уақытын аямай, өзгенің уақытын аялай білетін ұстаз туралы әңгімелегенді жөн көрдік.

📚Жаңылша Құрамысқызының мұғалім болсам деген арманы болашағына үлкен жол ашты. Арман қанатында 1978 жылы Ақтөбе педагогикалық училищесінің педагогика факультетін бітірді. Алғашқы еңбек жолын Темір ауданы Алтықарасу совхозының №2 бөлімшесіндегі Еңбекші бастауыш мектебінен бастап, кейін, 1989 жылдан бері Кеңқияқ жалпы орта білім беретін мектебіне ауысты. Бүгінде осы білім ұясында бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарып келеді. Жаңылша Кереева - жоғарғы санатты, педагог-зерттеуші. Осы мектепте жұмыс істей жүріп, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, директордың бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін қоса атқарған. Басты мақсаты - балаларға жақсы білім беріп, келешек ұрпақты сапалы біліммен сусындату. «Ұстаз ертеңгі күні шәкірті «Бұл кісі маған сабақ берген» деп құрметпен қарауы үшін бар жақсылықты бойына жиятын, бала жанына ақылдың нәрін сеуіп, нұр құятын, қиялына қанат бітіретін, адал да әділ, мәдениетті, білімдар адам болуы тиіс», - дейді кейіпкеріміз.

🖇️Біздің басты кейіпкеріміз білікті ұстаз ғана емес, ағайын-туыс арасында беделі мен абыройы артқан, отбасында үлгілі ана, аяулы жар, сүйікті әже. Оның ерен еңбектері ескерусіз қалған жоқ, еңбек адамының аз уақыт ішінде бағындырған белестері мен жеткен жетістіктері жетерлік. Білім саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен, ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің «Үздік педагог-2022» және «Тәуелсіз елдің үздік ұстазы» байқауларына қатысып, дипломдарымен, Алғыс хаттармен марапатталды. Санамалай берсе жеткен жетістік, алған асу жетерлік. Мұның бәрі Жаңылша Құрамысқызының тынымсыз еңбегі мен өлшеусіз төккен терінің жемісі.

📗42 жылға жуық еңбек жолында кәсіби дараланған маман ғибратты ғұмырының қымбат шақтарын шәкірттерін оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келеді. Аталмыш салада қызмет етіп жүрген ұстаздың бойынан біліктілікке талпыну әлі де байқалады. Ұстаздың қарапайымдылығы мен ұқыптылығы, еңбекке деген аса ынтызарлығы өзгелерден оны ерекшелендіреді. Оның шәкірттері қала, облыс, республика мен халықаралық шығармашылық конкурстар мен байқаулар, пәндік олимпиада мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары.

📔Ұстаздың шәкірттер үшін берері әлі де көп. Себебі, ізденімпаз маман оқушыларының сабаққа ынта-жігерін арттыру үшін тың әдістемелер жасап, ізденуден жалықпақ емес. Жүйрік тұлпар шапқан сайын жылдамдығын үдететіні секілді, мұғалімнің де жылдар өткен сайын тәжірибесі артады. Сонымен қатар жауапкершіліктің де жүгі ауырлайтыны хақ. Жаңылша Құрамысқызына ұстаздық қызметінде биік шыңдарды одан әрі бағындыруын, өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беруде сәттілік тілейміз!

Жарияланған күні: Наурыз 20, 2024
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты