• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

Жас ұрпақтарды біліммен қаруландырып, ұлттық рухта тәрбиелейтін, келешек ел басқарып, жер-суына иелік ететін елін гүлдендіріп, мерейі мен мәртебесін көтеретін, жасампаз азаматтарды шыңдайтын киелі алтын ұя, ол – мектеп. Ал мектептің даңқын шығаратын ұстаздар қауымы екені белгілі. Күн сайын өзін-өзі жетілдіріп, өз ісінің шеберлігін арттырып жүрген парасатты істің иелері бар. Солардың бірі - еңбек адамы, республикалық, облыстық, аудандық білім салалары бойынша түрлі марапаттың иегері, кәсіподақ мүшесі Обайдуллина Гүлмадина Рахмеддулақызы Мұғалжар ауданындағы №4 Қандыағаш қалалық қазақ орта мектебінде абыроймен қызмет атқарып келеді.

🖊️Гүлмадина Обайдуллина біліктілікті арттыру мақсатында әр кезеңде курстарға қатысып, заман талабына сай үнемі өзін-өзі жетілдіру жолдарын алдына мақсат еткен білгір ұстаз.

🔰Білім теңізіндегі ұлы көштің жылжуына еткен еңбек, төккен тердің өтеуі шәкірт жетістігінде. Білім мен өнер егіз ұғым екенін ескерсек, қоғамның түрлі саласында еңбек етіп, өмірден өз орнын тапқан, еліміздің дамуына өз үлесін қосып жүрген шәкірттер алтын ұя мектебіне әрдайым ыстық ықыласын білдіріп тұрады. №4 Қандыағаш қалалық қазақ орта мектебінің тарихында «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлері шыққан. Мектеп ұстаздары Гүлайым Нұрмағанбетова, Римма Жұманбетова, Еркебұлан Серіков, Жанарыс Жангелді, Өмірбек Ильясов сынды үздік шәкірттерімен мақтанады. Олардың арасында Обайдуллина Гүлмадина Рахмеддулақызының спортты серік еткен және өмірдің түрлі саласында өз жұлдызын жарқырата жағып жүрген шәкірттері де бар.

Иә, ұстаздардың барлығы шәкірттерінің биіктен көрініп, жақсы азамат болғанына қуанады, шәкіртімен мақтанады. Гүлмадина Обайдуллина да дәл солай, білім берген оқушыларының жетістіктеріне шаттанып, көп жылғы еңбегі мен маңдай терінің ақталғанына шексіз риза.

📃Отыз үш жыл ұстаздық еткен оның үлкен жеңіске, жетістікке жетуіне мектеп басшылығы мен әріптестерінің де қосқан үлесі зор. Гүлмадина Рахмеддулақызы қоғамдық және педагогикалық жұмыстары мектеп басшылығы тарапынан лайықты бағаланып келеді. Мектептің ұлағатты ұстазы ретінде ол екі мәрте Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің Құрмет грамотасымен, Ақтөбе облысы әкімінің «Үздік ұстаз» грантымен, республикалық «Бақытты ел ұрпағы» қоғамдық қорының «Үздік ұстаз» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, «Жыл мұғалімі - 2023» атағына, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісіне ие болып, бірнеше рет Ақтөбе облысының білім басқармасының, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының, Мұғалжар ауданы әкімінің, Қандыағаш қаласы әкімінің Құрмет грамоталарына ие болды.

✨Жаңалыққа жаны құмар, өз мамандығын жан-тәнімен сүйген, «өзің үйрене жүріп, өзгені үйрет» деген ұстанымы бар кейіпкеріміздің толағай табыстарға жете беретіндігі күмән туғызбайды.

Жарияланған күні: Наурыз 13, 2024
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты