• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚҚА…

САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚҚА – 100 ЖЫЛ: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ҰЙЫМЫ МЕРЕЙТОЙҒА ОРАЙ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

100 жылдық тарихи даму жолынан өтіп, сала қызметкерлерінің әлеуметтік және еңбек құқығын қорғау жолында Салалық кәсіподақ ұйымы жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Ағымдағы жылдың 5 наурыз күні Батыс Қазақстан облыстық оқу ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен білім кәсіподағының 100 жылдығына орай белсенді кәсіподақ мүшелерін салтанатты марапаттау шарасы өткізілді.

Шараға көп жылдар білім саласына еңбегі сіңген ардагер – ұстаздар, олардың ішінде облысқа танымал қоғам қайраткерлері, атап айтқанда педагогика саласының докторлары – Шалқыма Құрманалина, Владимир Салов, доцент, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Хамеш Исмагулов және облыстық білім басқармасының басшысы қызметін атқарған Светлана Бисембаева, Ақжайық аудандық білім саласының еңбек ардагері Дәулетжан Жақсыбаев арнайы шақырылды.

Сонымен қатар, кәсіподақ қозғалысының дамуына өз үлесін қосқан М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің профессор – оқытушылар құрамы мен ардагерлері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының еңбек ардагерлері, аудандық және қалалық мектептердің белсенді ұстаздары қатысты.

Кештің шымылдығы бимен ашылып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік гимні ойналды. Алғысөз төраға Марат Даупаевқа беріліп, еңбек адамы – әрқашан мемлекеттің қорғауында болып, құрметке бөленуге лайықты екенін және қоғам игілігі жолында абыройлы қызмет етіп жүрген барша әріптестерге алғыс білдірді.

Құттықтау сөз Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының өкілі Гулмира Кубашева және осы саланың еңбек ардагері Светлана Бисембаева, аудандық еңбек ардагері Даулетжан Жаксыбаев және Орал қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Индира Амертаеваға берілді.

Сонымен қатар, құттықтау сөз сөйлеген Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова және облыстық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы Айдар Батырханов кәсіподақтар тарихына тоқталып, еліміздегі ең ірі қоғамдық ұйым – білім кәсіподағы екенін атап өтті.

Мерекеге орай, төраға Марат Даупаев Қазақстан Республикасы оқу - ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, «Кәсіподақ ардагері» белгісі, «Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» белігісі, «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісін бірқатар кәсіподақ және білім саласының белсенділеріне табыстады.

Орталық комитеттің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты және Батыс Қазақстан облыстық оқу – ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы Марина Темірғалиева марапаттады.

Сонымен қатар, «Батыс Қазақстан облысы Ауғанстан ардагерлерінің одағы» ҚБ-нің құрметті төрағасы Олег Пимонов кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосқан бас маман Марина Темірғалиеваға Алғыс Хат табыс етті.

Шара концерттік бағдарламамен жалғасып, марапат иелеріне гүл шоқтары мен естілік сыйлықтар табысталды.

Биылғы жыл – Салалық кәсіподақтың 100 жылдығын атап өту іс - шаралар жоспарына сәйкес барлық кәсіподақ ұйымдары мен филиалдарында жалғасын табады.

 

Батыс Қазақстан облыстық оқу ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағы

Жарияланған күні: Наурыз 6, 2024
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты