• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҰСТАЗ БОЛУ – ҰЛЫЛЫҚ

ҰСТАЗ БОЛУ – ҰЛЫЛЫҚ

Ұстаз - әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Міне, осындай мұғалімдердің бірі, шәкірті үшін жаралған, оқушыларының жүрегінен ерекше орын таба білген білімді де білікті ұстаз - Төрекелдина Дидар Қарсыбекқызы.

Дидар Қарсыбекқызы 1975 жылы 17 қаңтарда Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бесоба ауылында дүниеге келген. 1993-1995 жылдары Қарқаралы ауданы, Бесоба совхозының Қарашоқы бөлімшесінде мұғалімдік еңбек жолын бастаған. 1996-2004 жылдары Бұқар жырау ауданы, Керней ауылында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс істеп, 2005 жылдан бастап «№61 ЖББМ» КММ-сінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарып келеді. Жалпы еңбек өтілі – 28 жыл. Осы көп жылдық еңбек жолында ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы-2017ж, «Ыбырай Алтынсарин» медалі – 2018ж., Қарағанды қаласының білім бөлімінің грамотасы 2013 жылы, қалалық білім бөлімінің Құрмет грамотасы 2014 жылы, қалалық білім бөлімінің Алғыс хаты 2016 жылы, Қарағанды Облыстық Білім басқармасының Құрмет грамотасы - 2013,2014,2016 ж.ж., «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамотасы - 2014 ж., 2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің грамотасы, облыстық кәсіподақ комитетінің Алғыс хаты, 2022 жылдың қазан айында ұстаздар күніне орай, Қарағанды облысының әкім сыйлығы 1 225 200 ақшалай сыйақы алып, Қарағанды облысының білім беру саласының құрметті педагогы медалімен марапатталды.

Дидар Қарсыбекқызы – шәкірттерінің жүрегінен орын таба білген керемет ұстаз. Оқушыларын қанаттандырып, жаңашылдық пен ізденіс шыңына қондыруға үлес қосып келеді. Жеткіншек ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуде заман талабына сай шығармашылықпен жұмыс жүргізуге баса мән беріп, оқушыларын мәнерлеп оқуға баулып келеді. Тәрбиелеп, баптаған шәкірттері талай қалалық, облыстық, республикалық жарыстарды бағындырып, жүлделі орындар иеленді. Республикалық байқаулардан жалпы саны 30 жүлде алған, оның 4-і бас жүлде, 9-ы І орын, 11-і ІІ орын, 6-ы ІІІ орын.

«Шәкіртсіз ұстаз тұл» демекші, ұстаз ізін қуып жұмыс жасап жатқан, мақтан тұтатын шәкірттері де бар. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөлінуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауы. Дидар Қарсыбекқызының қарапайым, мәдениетті сөзі, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге.

 

Қарағанды облыстық ұйымы

Жарияланған күні: Наурыз 6, 2024
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты