• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • АРДАГЕР ҰСТАЗДАР МА…

АРДАГЕР ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін, 5 наурызда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебінде тарих ғылымдарының докторы, профессор, Сарытоғай орта мектебінің 1981 жылғы түлегі Әбілсейіт Мұқтардың «Сарытоғай ауылы тарихы» атты монографиясының таныстырылымы өтті. Шара модераторы: «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты Қылышбай Сүндетұлы болды.

Монография таныстырылымына ауыл ақсақалдары, ардагер ұстаздар, мектеп басшылығы, мұғалімдер, оқушылар, музей-қорық қызметкерлері мен шәкірттері қатысты. ЖиындыСарытоғай орта мектебінің директоры Райса Альдешова құттықтау сөз сөйлеп ашты. Ғылыми еңбек авторының өмір жолы туралы тарих ғылымдарының кандидаты Қылышбай Сүндетұлы баяндаған болса, магистр Амангелді Жұмабаев «Сарытоғай ауылы тарихы» монографиясының мазмұны туралы мәліметтер берді.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры,тарих ғылымдарының докторы Ұлжан Ахметова, ардагер журналист, ауыл ақсақалы Бағыт Көшербаев, ардагер ұстаз Қаламқас Құмарова, 1987 – 2004 жылдардағы Сарытоғай орта мектебінің директоры Серік Қапашев, ауыл ардагері Қаржаубай Дүйсенов ғылыми еңбек туралы өз пікірлерін білдірді.

Сөз соңында монография авторы тарих ғылымдарының докторы,профессор Әбілсейіт Мұқтар жиналғандарға алғыс білдіріп, еңбек туралы қосымша деректер келтіріп, өткен күндерді еске алды.

Кітаптың тұсаукесу рәсімін кітап авторының анасы Сәуле Боранғалиқызы мен алғашқы ұстазы Қаламқас Құмарова жасады.

Жиын соңында «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қылышбай Сүндетұлы ардагер ұстаз Қаламқас Құмароваға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері», ал Серік Қапашевқа Атырау облысы ардагерлер кеңесінің «Тәлімгер» медальдарын табыс етті.

 

«Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ баспасөз қызметі

Жарияланған күні: Наурыз 5, 2024
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты