• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ЕҢБЕК АДАМЫ

ЕҢБЕК АДАМЫ

Көз майын тауысып түндермен таласып жұмыс істеп, айлар, жылдар бойы үздіксіз ізденісте жүріп, асқан жауапкершілік пен табандылықты талап ететін қызметінің ауыр жүгін арқалап, білімнің бағына еккен жүздеген шәкірттерінің жемісті жетістіктерімен марқайып қалатын ұстаздардың ерен еңбегін жазып та, айтып та тауса алмайтындығымыз ақиқат. Алайда, жақсының жақсылығын айтып нұрын тасытуға жанымыз құмартып тұратындығы тағы бар. Әңгімеміздің басын ұстаздардың өлшеусіз еңбегі мен теңіздей төккен теріне тағзым етіп барып бастауымыздың да себебі бар. Тақырыбымызға басты себеп болатын Темір ауданының білім саласына сіңіріп отырған орасан еңбегі мен өңіріміздің ұстаздар қауымы арасында өзіндік орны бар бір майталман мұғалімнің өмірі мен еңбек жолы жайлы тың ақпараттарды өздеріңізбен бөлісіп, аталмыш ұстаз жайлы айтылмаған сырлар ақтарылмақ.

📝Әңгімеміздің кейіпкері өмірінің тең жартысын әлемдегі ұлы істердің бірі ұстаздыққа арнап келе жатқан - Бтеналина Зәмзагүл Әбенқызы 1969 жылы 23 шілдеде Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтының "Қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары.

Алғашқы еңбек жолында 1990 жылы осы мамандығы бойынша Шұбарши орта мектебіне мұғалім болып қабылданып, ұстаздықтың ұлы даңғылына деген бірінші қадамын басқан.

🔰 "Орыс тілі мен әдебиеті" әдістемелік бірлестігінің жетекшілігінен бастап, кәсіподақ ұйымының төрайымы қызметтерін атқарды. Қеңқияқ жалпы білім беретін мектебінде 2002 жылдан бастап еңбек етіп келеді. 2003-2004 жылдар аралығында аталған мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасады. Одан кейін 2017-2021 жылдары бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, 2021-2023 жылдары мектеп директоры қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.

❇️Еңбекке алғаш білек сыбана кіріскен жылдан бастап ұлағатты ұстаздың шәкірттері бүгінгі күні әр салада еліміздің жан-жақты дамуына өзіндік үлестерін қосып жүр. Отанымыздың озық елдердің қатарына көрінуіне басқан қадамына қолдау болып жүрген білімді әрі іскер шәкірттерін мақтанып та марқайып та атап шықты. Тынымсыз талпыныс пен ұзақ жылдар бойғы өлшеусіз еңбектің жемісін көріп, еліміздің білім министрінің арнайы алғыс хатына да ие болды. Одан басқа да республикалық, облыстық, аудандық дәрежедегі мақтау қағаздары мен марапаттардың санында шек жоқ. Зәмзагүл Бтеналина — білімі мен біліктілігінің деңгейі жоғары бағаланған нағыз еңбек адамы.

🔅Бүгінгі тарқатылған тақырыптың түп төркіні ұстаздық пен білім болса ол тақырыпты одан әрі аша түскен және айшықтай түскен Зәмзагүл Әбенқызының жүріп өткен жетістік пен толағай табыстарға толы еңбек жолы болды. Ұлы мамандықты арқалап жүрген ұстаздың қызметтегі ендігі бағындыра биігі мен асар асуы да көп болсын демекпіз.

Жарияланған күні: Ақп. 16, 2024
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты