• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҰСТАЗДЫҚ – ҰЛЫ ЖОЛ

ҰСТАЗДЫҚ – ҰЛЫ ЖОЛ

Бүгінгі мақаламыздың кейіпкері – нағыз ұстаздық қасиеттерді бойына сіңірген, ұстаз деген атқа лайықты жан Ақтау қаласындағы «№9 Жалпы білім беретін мектеп» КММ орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, қазіргі таңда ардагер ұстаз – Мангубаева Эмина Николаевна.

Мангубаева Эмина Николаевна Гурьев (қазіргі Атырау) қаласындағы педагогикалық институтын 1985 жылы «Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп, жас жеткіншектерге терең білім мен тәрбие беру жолында 30 жылдан бері еселі еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз. Оның алға қойған ұстанымы – оқушыларға орыс тілі пәнінің теориялық негізін үйрете отырып, оны практикада қолдана білуге, грамматиканы жетік меңгеруге баулу.

Мұғалімнің теориялық білімі, педагогикалық іс тәжірибесі ізбасар, кіші буын ұстаздарға, жас мамандарға үлгі. Шығармашылық тақырыбы «Развитие речи учащихся на уроках русского языка». Шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқушыға мұғалім тарапынан берілетін қолдауды Эмина Николаевна жүйелі түрде жүргізе білгендіктен, балалардың оқу үлгерімі мен сапасы да жақсы көрсеткіш көрсетіп отыр. Балалар мен ата аналар арасында сыйлы, өз ісінің шебері, инабатты да мейірімді - мұғалім. Әрбір тәрбие сағаты тәлім тәрбиеге, өсиет өнегеге толы. Мектеп тәрбие жұмыстарына тәлімгерлік етіп, түрлі шаралар мен қызықты мерекелерді ұйымдастыруда. Жыл сайын көрнекі құралдарын реттеп, жаңалап, толтыруда. Соның нәтижесінде; 2009 жылы өз тәжірибелік жинағын алып, «Учим, играя на уроке» атты әдістемелік құралы облыстық әдіскерлер сараптама тобында қаралып, бекітіліп, облыс көлемінде таратылды, 2010-2011 оқу жылы «Ең үздік орыс тілі кабинеті» байқауында 1 орынға ие болды, 2012-2013 оқу жылы тамыз мәслихатында «Роль учебного кабинета» тақырыбындағы баяндамасы мазмұнды болды.

​Шәкірттерін жетістікке жетелеп жүрген Эмина Николаевна ұстаздық еңбегіне лайықты бағасын алып жүр. Ұстаздық еңбегі Қалалық білім бөлімінің «Дипломымен», «Құрмет грамотасымен», Қалалық әкімнің «Құрмет Грамотасымен» марапатталды.

Апайдың шәкірттерінің ішінде таланттар да көп, сондықтан әртүрлі жарыстарға қатыстырып, ой - өрісінің кеңеюіне көңіл аударады. Ол – оқушылардың сүйікті ұстазы. Жыл сайын оқушылары қалалық, облыстық пәндік олимпиадаларға, жарыстарға қатысып жүлделі орындарды иеленіп жүр.

Эмина Николаевнамен сөйлескен әрбір жан, ол кісінің энергетикасымен өзіндегі біраз қиыншылықты артқа қалдырып, түйіннің шешімі табылғандай сезінетініне күмәнім жоқ. Ол кісінің жауапкершілігіне, шеберлігіне, өзін ортада ұстай білуіне, жұмысына соншалықты тиянақты екендігіне қайран қаламын.

Білмегенімізді үйретіп жүретін, осындай алдыңғы буынды ұстаздармен әріптес болғаныма қуанамын және ол кісілерды мақтан тұтамын.

Алдағы уақытта, өзімнің ұстаздық жолымда Эмина Николаевна сияқты, абыройлы, беделді ұстаз болып бейнетімнің зейнетін көргім келеді.

 

 

Ш.Сайлиханова,

Маңғыстау облысы, Актау қаласы.

№9 жалпы білім беретін мектептің математика пәнінің мұғалімі, кәсіподақ мүшесі.

Жарияланған күні: Ақп. 12, 2024
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты