• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДЫҢ Ө…

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДЫҢ ӨМІРІ - ӨНЕГЕ

Бала жанын таусылмайтын кен қазуға бейімдеп, қарапайым да, қайырымды тұлға ретінде айналасына үлгі болып жүрген ұлағатты ұстаз - Тәжімбетов Ниетқали Байқашұлы. Атамекенге аңсап жеткен ағайымызды Маңғыстаудың Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық округіндегі оқушысы көп, көпұлтты №9 жалпы білім беретін мектебі қарсы алды. Байқампаз, байыпты кісі жаңа ортада жағымды атмосфера орната білді. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету» әдебі Ниетқали Байқашұлына ғана жарасатындай.

Мамандыққа құрметіміз ағайдың ісі арқылы арта түсті десек қате айтпағандығымыз. Сандық сауаттылықтан бас сауғалап, өндіріс жағалап кеткен замандастарына ермей, білім саласында тұрақтап қалуы – өз мамандығын шүбәсіз жақсы көретіндігінің айқын көрінісі. Қолда барына риза болуы қанағатшылдығын көрсетсе, тиянақтылығы қолындағы ақ парағынан-ақ байқалып тұрады.

Қазақтың біртуар ұлы, ақиық ақын Төлеген Айбергеновпен жерлес болуы Ниетқали Байкашұлының да ақындық асыл өнерден алыс еместігін бірден байқатады. Ауданымыздағы елді-мекендерге ат бергенде ағайымыздың авторлығы озық көрінді, жаңа атау тамаша өлеңмен өрілді. Соңғы жылдары өлкеміздегі саз әлемінің саңлағы Марат Ордабаевпен шығармашылық байланыста болып, бірнеше әндерге сөз де жазды. Әр сабағын өлеңмен өріп педагогикалық жаңа идея әкелген ағайымыз биыл зейнеткерлік жасқа келді. Ұстаздық ұстанымыңыз кейінгіге үлгі-өнеге болып қалады. Құрметті, Ниетқали Байқашұлы, сыйыңыз арта берсін!

Қылығынан сақтап бізді жат елдің

Сіз де ақылын қайталайсыз әкемнің.

Бәрімізге тыңдай білер досымыз,

Ашылмайтын «сыр сандығы» Сәкеннің.

Келешекке кемел оймен қарайды,

Жас ұрпақты білімді деп санайды.

Байқампаздық қасиетін өлеңмен

Жеткізгенде тамсандырды талайды..

Қырағы көз бәрін көріп жүреді.

Қыран құстай тұтқиылдан іледі.

Сақтанбасаң сарт еткізген ой-пікір

Ортамызға өлеңменен келеді.

Ұрпаққа өшпес, айтарлық үлгі қалдырып,

Қызмет еттіңіз біліммен жарықтандырып.

Бейнетіңіз міне, зейнетке келді ауысып,

Баталы сөзбен жүріңіз елді жандырып!

 

 

Ә.Тілепов,

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 жалпы бідім беоретін мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.

Жарияланған күні: Ақп. 9, 2024
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты