• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ДАРЫНДЫ ШӘКІРТКЕ – …

ДАРЫНДЫ ШӘКІРТКЕ – ІЗДЕНІМПАЗ ҰСТАЗ

«Еңбек адамды қашан да бақытқа бөлейді» деген сөз бекер емес. Адал еңбектің арқасында әр адам өз бақытын табады. Өзіне ғана тиесілі, өзіне ғана лайық жолмен жүріп, тірлік жасайды. Күш-жігерін, тәжірибесін қай салада да аямайды. Жолдыбаева Құндыз Амангелдіқызы - география пәні мұғалімі. Педагогика ғылымдарының магистрі. Педагог-зерттеуші. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданындағы №7 жалпы білім беретін мектепте 2019-2020 оқу жылынан бері педагог қызметін атқарады. Ізденіс пен талмай еңбектенудің арқасында оқушылары түрлі танымдық сайыстар, олимпиадалардың аудандық, облыстық, республикалық кезеңдерінен жүлделі орындарға ие болды. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз.

Мұғалімнің негізгі мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін, танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруда көп еңбектенген. Сабақ беретін сыныптарында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс-жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда.

​Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды. Сонымен қатар ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас мамандарға әдістемелік көмек беріп, өзінің идеяларымен бөлісіп отырады.

Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе еңбегінің жанғаны емес пе?! 2022 жылы Түркия Республикасы, Ушак қаласында педагогикадан ғылыми тағылымдамадан өткен. 2021 жылы ҚР Білім және Ғылым министрлігі “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ-ның “Құрмет грамотасы”, 2020 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша бейнесабақтар байқауында облыста І орын, республикалық кезеңінде І орын, 2020 жылы облыстық Алтын Орданың 750 жылдығына орай география пәні мұғалімдерінің “Сарайшық және вертуалды саяхат” туристік сабақтар байқауында І орын, 2022 жылы “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ-ның “Педагогикалық идеялар панорамасы” конкурсында облыстық кезеңінен l орын иеленген.

Даналықтың, даралықтың негізін қарапайым ғана адамдық парасаттан іздеп, өзі мұрат еткен ісін абыроймен атқарып келе жатырған Жолдыбаева Құндыз Амангелдіқызына шығармашылық табыстар мен озат шәкірттерінің көп болуын тілейміз!.

 

 

Рита Текеева,

Мұнайлы аудандық филиалы,

Маңғыстау облысы.

Жарияланған күні: Ақп. 6, 2024
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты