• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • «СПОРТ – СЕНІМДІ СЕ…

«СПОРТ – СЕНІМДІ СЕРІГІМ»

2023 жылдың 27-желтоқсан күні Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің акт залында Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының 2023 жыл қорытындысына арналған «Спорт – сенімді серігім» шарасы өтті.

Шараға Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының орынбасары және қызметкерлері, аудандық, қалалық білім бөлімінің басшылары, оқу-әдістемелік орталықтарының әдіскерлері, мектеп және колледж директорлары, дене тәрбиесі пәнінің ардагер мұғалімдері. Жарыстарда жеңімпаз, жүлдегер атанған мектеп оқушылары мен колледж студенттері, жарыстарда жеңімпаз, жүлдегер атанған мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары, Қазақстан Республикасы чемпионатының, Азия, әлемдік додалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, арнайы шақырылған қонақтар, кәсіподақ ұйымы және спорт түрлері бойынша федерация өкілдері қатысты.

Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Тұржанова Айжақсы Жылқыбайқызы Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының 2023 жылға арналған «Спорт – сенімді серігім» шарасын ашып, құттықтау сөз сөйледі.

Айжақсы Жылқыбайқызы Ұлттық мектеп лигасының және ұлттық спорт лигасының ақтық республикалық кезеңінде топ жарып, жеңіспен оралған оқушыларымыз бен студенттерімізді, инклюзив ойындарының жеңімпаздары, сонымен қатар, әлемдік, азия, республикалық чемпионаттардың жеңімпаз жүлдегерлерін марапаттады.

Атап айтқанда: республикалық Ұлттық мектеп лигасында жеңімпаз атанған Қарақия ауданының Құланды жалпы білім беретін мектебінің асық атудан оқушыла командасы, тоғызқұмалақтан Жаңаөзен қаласының №18 жалпы білім беретін мектебінің жүлдегер кмандасы, «Алтын доп» баскетболдан Мұнайлы ауданының №12 жалпы білім беретін мектебінің жүлдегер қыздар командасы, «Былғары доп» футбол жарысынан Ақтау қаласының №20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінің жүлдегер ұлдар командасы және де Мұнайлы ауданының №9 жалпы білім беретін мектебінің футболдан жүлдегер қыздар командасы марапатталды.

Сонымен қатар, Орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің арасында өткен Ұлттық спорт лигасының республикалық кезеңінің жүлдегерлерінен Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің волейболдан қыздар командасы және Үстел теннисінен «Есенов колледжі» командасы марапатталды.

Республикалық инклюзив ойындарының Облыстық мектеп-интернат командасы және таэквандодан, қазақ күресінен, ММА-ден, қол күресінен, жағажай волейболынан, каратэ-додан, дзюдодан, жеңіл атлетикадан әлемдік, Азия, Қазақстан чемпионаттарында топ жарып жүрген оқушылар марапатталды.

«Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Баймбетова Тәрбия Анайбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, Мұғалімдер және колледж оқытушыларының облыстық, спартакиадасы қорытындысы бойынша командалық орындарға кубок және диплом табыстады.

Сонымен қатар, республикалық мұғалімдер спартакиадасында жүлде алған ерлерден футбол командасы, әйелдер волейбол командасы және Техникалық және кәсіптік білім беру мұғалімдері арасындағы Республикалық Спартакиадасында шағын футболдан колледж оқытушыларының құрама командасы марапатталды.

Өз кезегінде сөз алған Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының директоры Қабақов Али Рзабекұлы қатысушыларды құттықтады. Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Білім бөлімдерін, сонымен бірге, студенттер арасындағы Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша колледждер мрапатталып, диплом және кубок табысталды.

Али Ризабекұлы сонымен бірге дене тәрбиесі мен бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан ерен еңбегі үшін ардагер ұстаздарымызды және мекеменің күнтізбелік жоспарындағы іс-шараларды кезең-кезеңмен ұйымдастырып, өткізуде ерекше орын алатын мамандарды - Дене тәрбиесі пәнінің аудандық, қалалық әдіскерлерін марапаттады.

Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының күнтізбелік жоспарына сәйкес, мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы, сонымен қатар, мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары арасындағы спорттық іс-шараларды өткізуге серіктестік танытып, қолдау көрсеткен мекемелер марапатталып, «Спорт жұлдыздары» журналы редакция алқасының шешімімен «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі мектеп пен колледж оқытушыларына табысталды.

Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының 2023 жыл қорытындысына арналған «Спорт – сенімді серігім» шарасының мараптталушыларына Маңғыстау облысының білім басқармасының дипломы және естелік сыйлықтар табысталды.

 

Маңғыстау облыстық кәсіподақ ұйымы

Жарияланған күні: Жел. 28, 2023
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты