• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • ҰЛАҒАТЫМЕН ТАНЫЛҒАН…

ҰЛАҒАТЫМЕН ТАНЫЛҒАН ҮЛГІЛІ ҰСТАЗ

Халқымыз қай уақытта, қай заманда болмасын тағылым мәселесіне, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Жас ұрпақтың тәрбиесі - қай кезеңде де заманның талабынан түспейтін адамзаттың мәңгілік тақырыбы.

Данышпан Абай атамыз:

«Ел ішіне сау келсең,

Тағылым айтпас ер ме едің?

Жол көрсетіп, сонда өлсең,

Арманым бар дер ме едім?» — деген. Мұндағы негізгі мақсат - ұлттың ұрпағына жанашыр болу. «Әркімнің өзіне лайық үлгісі бар, ол біреуге тар, біреуге кең келеді» дегендей, әр ұлттың сан ғасырлық сүзгісінен өтіп жинақталған өмір тәжірибесі, өзгеге ұқсатпай тұратын өзгешеліктері бар.

Бүгінгі әңгімеміз Ақтау қаласындағы «Фариза Оңғарсынова атындағы №29 мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі Атаназаров Марат Әбубәкірұлы туралы болмақ.

Халқымыздың бала тәрбиесіндегі өзіндік даналығын, ешкімге ұқсамас ерекшелігін ескере отырып, Марат Әбубәкірұлы әрқашан өзіне жауапты жұмыстың жүктелгенін ұмытқан емес.

​Сондықтан да өз жұмысының барысында шеберлік сағаттарын ұйымдастыра отырып, оқушылардың білімді, рухани мықты болуына, жүйелі жұмыс жүргізу арқылы оларды көшбасшылыққа тәрбиелеуге бар күшін салуда.

Бұндай сабақтарды өткізу барысында балаларға ұстаз, жаттықтырушы ғана емес, замандас, дос болып, олардың жүректеріне жол табуға тырысады. Баланы жетістікке жетелеудің құпиясы, кілті ұстазды жақсы көруінде жатыр. Білім беріп, өнерге баулып, шәкірттерінің сан түрлі қырын ашу да ұстаздың шеберлігіне байланысты екенін ұқтым. Мейірім мен махаббат арқылы жасалған жұмыс сапалы болары сөзсіз. Марат Әбубәкірұлының жетекшілігімен оқушылар облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда бақ сынып, алдыңғы қатарлы орындарға ие болып келеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың кіршіксіз махаббатын, көздеріндегі ерекше сәулені көру ұстазды шабыттандырады.

Бүгінде шәкірттерінің облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың түрлі жүлделерін жеңіп алуы да ұстазының жемісі деп білемін.

​Оқушыларды түрлі байқауларда жетелеумен қатар, өзін де шығармашылық жолында шыңдап келеді. 2017 жылы «Үздік шығармашыл ұстаз» облыстық байқауда 1-орын, 2018 жылы «Үздік педагог» облыстық байқауында 1-орын, «Үздік педагогтер отбасы» байқауында Бас жүлде, 2021 жылы Республикалық «Елбасы медалі» жобасының Қола медалі, 2023 жылы Облыстық «Роболанд» жарысында 1-орын, Халықаралық «Роболанд» жарысы мұғалімдер арасында 1-орын иеленді. Сонымен қатар 2017 жылы облыстық деңгейдегі «Роботехника негідері» әдістемелік кітапшасы таратылып, 2018 жылы облыстық деңгейде авторлық «РобоМаңғыстау» робототехника жарысы ережелері жинағы және 2020 жылы «СТЕМ білім беру негіздері» авторлық жұмысы шықты.

​Білім жолындағы ерен еңбектері мен жеткен жетістіктері ескеріліп, облыстық, республикалық деңгейдегі Алғыс хат, Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Еңбек ете жүріп, жаңа Қазақстанымыздың тұтқасын ұстар азаматтарды тәрбиелеу әрбір ұстаздың парызы деп есептеймін. Ұстаз боп қызмет ететін әріптестерім де бұл қызметті тек жұмыс деп қана емес, абыройлы міндет деп түсінсе, талай шәкірттің алғысын алары сөзсіз.

 

 

А.Каджанова,

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, «Фариза Оңғарсынова атындағы №29 ЖББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Жарияланған күні: Жел. 12, 2023
Бөлісу

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты