• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары

  • Басты бет
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • БАСТАУЫШ ҰЙЫМ ТӨРАҒ…

БАСТАУЫШ ҰЙЫМ ТӨРАҒАЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен бастауыш кәсіподақ ұйымына жаңадан сайланған жетекшілер үшін «Кәсіподақ және қоғам: заманауи көзқарас» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Қарашаның 23-24 күндері «Турист» қонақ үй кешенінің мәжіліс залында өткен семинар Жергілікті кәсіподақтың сан қырлы қызметі туралы фильм көрсетумен басталды. Мұнан соң семинар қатысушылары арнайы сауалнама толтырып, онда өз ой-пікірлерін, сұрақтарын көрсетті. Алғашқы сұрақ – «Кәсіподақ дегеніміз не? Кәсіподақ мүшелігінің тиімділігі» тақырыбында Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков сабақ өтіп, тақырып аясында кеңінен әңгімеледі.

- Бастауыш ұйымдар – кәсіподақ қызметіндегі ең негізгі функцияны атқаратын орган. Кәсіподақ ұйымдарының беріктігі мен беделі тікелей сіздерге байланысты. Кәсіподақтар туралы айтқанда қоғамда сыйлық беретін немесе сауықтыратын ұйым емес, өз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын, лайықты жалақы төлеуге күресетін, қауіпсіз еңбек жағдайларын талап етіп, еңбек дауларының алдын алатын ұйым ретінде пікір қалыптасуы керек. Біздің бар күшіміз осы басымдықтарға жұмылдырылуы тиіс, - деп атап өтті өз сөзінде Ерұлан Сәбенұлы.

Мұнан кейін тыңдаушылар алдында төраға орынбасары Жанболат Орынбеков «Педагог қызметкерлердің жұмыс және демалыс уақытының режимі» тақырыбы аясында дәріс өтті. Модератор өз сабағында педагог қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты ұйым қызметінің режимін ескере отырып анықталатынын, ішкі еңбек тәртібі мен оқу кестесі, жылдық күнтізбелік оқу кестесімен, бастауыш кәсіподақ комитетінің келісімі бойынша жұмыс берушімен бекітілген ауысым кестесімен, сондай-ақ Еңбек кодексіне, ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленіп, еңбек шартының, лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленетінін айтып өтті.

Семинар барысында «Ұжымдық шарт – мекемедегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу құралы. Жұмыс берушінің актілері және оларды кәсіподақпен келісу тәртібі» негізгі сұрақ ретінде қаралды. Құқықтық инспекция жетекшісі Алия Джолшибекова әлеуметтік әріптестік туралы облыстық білім басқармасы мен Жергілікті кәсіподақ ұйымы арасында 2021-2023 жылдарға жасалған Келісімнің нормаларын, оның ішінде жалақы төлеу, еңбек жағдайларын оңтайлы ету, қызметкерлерге заңмен көзделген кепілдіктер мен жеңілдіктердің сақталуы сынды мәселелерге кеңінен тоқталды.

Семинар барысында салалық кәсіподақтық «Еңбекші» газетінің Бас редакторы Бейбіт Бекназаров «Кәсіподақтың ақпараттық-имидждік қызметі» тақырыбы бойынша дәріс оқыды. Семинар соңы қатысушылар сауалнамада көрсеткен еңбек және салалық заңнаманы қолданудың бірқатар сұрақтарына арналған сұрақ-жауап сағатына ұласты.

 

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.

Жарияланған күні: Қар. 24, 2023
Бөлісу
    • Фото

    • ...
      ...

Жаңалықтар санаттары

  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар

Соңғы жаңалықтар

  • ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ: ЕҢБЕК АДАМДЫ ҚАШАН …

    Қарапайымдылық пен еңбектің мұрасына айналған жан …

  • ЕҢБЕК АДАМЫ

    None

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ XXVII СЪЕЗІНІҢ …

    None

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

    None

  • ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – КӘСІПОДАҚТЫҢ АСЫЛ МҰРАТТАРЫНЫҢ БІРІ

    Осы ізгілікті жолды ұстанған «Өрлеу» БАҰО» …

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты