ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Мұғалім – ұлт болашағын тәрбиелейтін қасиетті мамандық иесі. Сол сияқты, өз мамандығын жүрек қалауымен таңдаған, өз ісіне адал жандардың бірі – Құлшықова Гүлнара Данилқызы.
Гүлнара Құлшықова 1972 жылдың 12 желтоқсанында Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында дүниеге келген. Жас кезінен білімге құштар болып өскен ол С.Киров атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтында химия-биология мамандығы бойынша жоғары білім алды.
Ұстаздық жолын Қарақұдық негізгі мектеп-бала бақшасында бастаған Гүлнара Құлшықова қазіргі таңда Құмтоғай жалпы білім беретін орта мектебінде өз мамандығы бойынша табысты қызмет атқарып келеді.
Гүлнара Құлшықова – жоғары білікті, тәжірибелі педагог-зерттеуші. Оның іс-тәжірибесі аудан, облыс, республикалық деңгейде таралып, әріптестері арасында жоғары бағаға ие болды. Ұзақ жылдар бойы жемісті еңбегі мен шәкірт тәрбиелеудегі жетістіктері педагогикалық байқауларда түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, ол Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы ұйымдастырған облыстық химия пәні мұғалімдерінің олимпиадасында ІІ дәрежелі дипломға, «Ізденіс жолы-2025» облыстық байқауында химия пәнінен І дәрежелі дипломға, облыстық биология пәні мұғалімдерінің олимпиадасында Алғыс хатқа ие болды, сондай-ақ «Виртуалды зертханалар: жаратылыстану сабақтарында AR және VR тәжірибелері», «Lesson Study» және «Функционалдық сауаттылықты дамыту» облыстық семинарларында кәсіби шеберлігін көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Сонымен қатар, Гүлнара Құлшықова облыстық шығармашылық шеберхананың белсенді мүшесі және шағын жинақты мектептердің біріккен сынып мұғалімдеріне арналған «Тиімді сабақ жоспары» облыстық сырттай байқауының әділқазы алқасының мүшесі болып қызмет атқарады. Оның шәкірттері аудандық, облыстық және республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларында жүлделі орындарға ие болып жүр.
Гүлнара Құлшықова үшін ұстаздық – жай ғана мамандық емес, бұл – үлкен жауапкершілік пен шәкірт жүрегіне жол табатын қасиетті қызмет.
Қорыта айтқанда, Гүлнара Құлшықова – өз ісінің шебері, шәкірт жүрегіне жол таба білетін ұстаз, және нағыз үлгілі педагог.
-
Фото
-