ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫ МЕН ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы еңбек қауіпсіздігі және әлеуметтік әріптестікті нығайту бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып келеді. Кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау – ұйымның басты назарындағы өзекті мәселелердің бірі.
Осы мақсатта облыстық кәсіподақ мамандары аймақтағы білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуына тұрақты түрде қоғамдық бақылау жүргізуде. Кезекті іс-шара аясында облыстық заңгерлер Александр Алимпиев, Нұрлан Жетпісбай және Лаура Әмірова Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжіне арнайы барып қайтты.
Кәсіподақ өкілдері әлеуметтік әріптестікті нығайту мақсатында оқу орнының басшылығымен пікір алмасып, оқу кабинеттерін аралады. Кездесу барысында еңбек заңнамасын қолдану ерекшеліктері, педагог қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын зерделеніп, заңгерлер тарапынан әдістемелік көмек берілді.
Сонымен қатар, жауапты мамандар ұжымдық шарт, оқу жүктемесін бөлу, еңбек шартын талапқа сай рәсімдеу, ішкі еңбек тәртібі және басқа да маңызды құжаттарды таныстырып, оларды жүргізу бойынша кеңестер алды.
-
Фото
-