АБАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДАҒЫ КӘСІБИ ДИАЛОГ
Салалық кәсіподақ өкілдері мен Оқу-ағарту министрлігінің мамандары Абай облысының орталығы — Семей қаласында 2-3 сәуірде іссапармен болып, білім саласының өзекті мәселелерін талқылады.
Маңызды кездесулер мен жаңалықтар:
Сапар барысында Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева мен Облыстық білім басқармасының басшысы Б.А. Ердембековпен кездесу өтті. Басқарма басшысы өңірдегі оң өзгерістермен бөлісіп, жақын арада Семейде заманауи «Келешек» мектебінің ашылатынын сүйіншіледі.
Сондай-ақ, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Қ.С. Сүлейменовпен бірге кәсіподақ жұмысын жандандыру мәселелері пысықталды.
Семинар-кеңес: Тәжірибе мен құқықтық қорғау.
Бизнес және сервис жоғары колледжі базасында өткен ауқымды семинар-кеңеске облыстың білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары мен кәсіподақ активі қатысты.
Жиынның басты тақырыптары:
Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева ұйымның 2025 жылғы жұмыс нәтижелері мен алдағы басым бағыттарына тоқталды.
А.Мұқашева өз сөзінде жас ұрпақтың болашағы үшін жасалған тарихи таңдау - жаңа Конституцияның маңызы, сондай-ақ білім берудегі цифрландыру, жасанды интеллект және автоматтандыру үрдістерінің өзектілігін ерекше атап өтті.
Төрағаның айтуынша, жасанды интеллект пен цифрлық платформалар жұмыс форматын өзгертетін негізгі күш. Кәсіподақ цифрландыру дәуірінде мұғалімдердің еңбек құқықтарының сақталуын және олардың жаңа құзыреттіліктерді меңгеруін басты назарда ұстайтынын жеткізді.
Кәсіби даму: Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің басқарма басшысы Айман Дүйсенбаева педагогтардың құзыреттілігін арттыру мәселелерін қозғады.
Аттестаттау: «Өрлеу» БАҰО өкілі Гүлден Мұхамбетжанова «Ұстаз» ұлттық платформасының мүмкіндіктерін түсіндірді.
Құқықтық көмек: Салалық кәсіподақ заңгері Райхан Қыдырбаева еңбек қатынастары мен мүшелердің мүддесін қорғау бойынша нақты бағыттарды баяндады.
Ашық форматта өткен басқосу сала қызметкерлерінің сауалдарына жауап беріп, әлеуметтік әріптестікті нығайта түсті. Кәсіподақтың мақсаты - ұстаз мәртебесін асқақтатып, әрбір білім беру қызметкерінің құқығын сенімді қорғау!
-
Фото
-