ҰЛЫТАУДА ҮШЖАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Отырысқа Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Нұртас Кәріпбаев төрағалық етті. Комиссия отырысында 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, өңірдегі еңбек қатынастары саласының өзекті мәселелері жан-жақты қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес облыс кәсіпорындарындағы ағымдағы ахуал талданып, жалақыны уақытылы төлеу, қызметкерлердің әлеуметтік құқықтарын сақтау, міндетті әлеуметтік және зейнетақы аударымдарының толық әрі мерзімінде жүргізілуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, қала құраушы ірі кәсіпорындарда еңбекақыны индекстеу және арттыру бағытында қабылданып жатқан шаралар сараланып, жұмысшылардың әл-ауқатын жақсарту, еңбек жағдайларын жетілдіру, әлеуметтік кепілдіктерді күшейту бойынша ұсыныстар айтылды.
Отырыста мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер және кәсіподақтар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, әлеуметтік әріптестікті дамыту және еңбек дауларының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жиынға Ұлытау облысының білім, ғылым және бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрағасы Марат Қоңырбаев Ұлытау облысында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысына қатысты.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар беріліп, жауапты тараптарға бірқатар міндеттер жүктелді. Қабылданған шешімдер өңірдегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын одан әрі жетілдіруге және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталатын болады.
-
Фото
-