САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін, 20 ақпанда, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағы Атқару комитетінің кезекті отырысы өтті.
Салалық кәсіподақ басшысы Айгүл Мұқашеваның төрағалығымен өткен отырыста Атқару комитетінің мүшелері күн тәртібіне енгізілген бірқатар өзекті мәселелерді қарады:
- 2025 жыл қорытындысы бойынша салалық кәсіподақтағы кәсіподақ мүшелігі мен кәсіподақ органдары туралы жинақталған статистикалық есептің қорытындылары туралы;
- Ақтөбе облыстық ұйымындағы қолданыстағы кәсіподақтық оқыту жүйесінің тиімділігін бағалау;
- Түркістан облыстық ұйымындағы кәсіподақ органдары жұмысының кешенді зерделенуі;
- Салалық кәсіподақтың мүшелік ұйымдарының қызметін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 2025 жылғы қорытындысы туралы;
- Кәсіподақтың 2026-2029 жылдарға арналған кәсіподақ кадрлары мен активін оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы;
- Кәсіподақтың Есеп саясатының жаңа редакциясын бекіту;
- Кәсіподақтың Салықтық есеп саясатының жаңа редакциясын бекіту және өзге де кәсіподақ қызметіне қатысты мәселелер.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Атқару комитеті кәсіподақтың ұйымдық құрылымын одан әрі нығайтуға, мүшелік ұйымдардың қызмет тиімділігін арттыруға, сондай-ақ кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін дәйекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған алдағы кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарын белгіледі.
Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-