ЖЕТІСУДА КӘСІПОДАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ РӨЛІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымының Жастар ісі жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға кәсіподақтың облыстық ұйымының төрағасы М. Төлепбергенов, Салалық кәсіподақтың Жастар ісі жөніндегі кеңес төрағасы А. Бітімбай және өңірдегі белсенді жас көшбасшылар қатысты.
А.Бітімбай республика деңгейіндегі соңғы жаңалықтармен бөлісіп, алдағы кезеңге арналған стратегиялық жоспарларды таныстырды.
Жас мамандардың әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау және білім беру саласындағы кадрлық әлеуетті нығайту тетіктері талқыланды. Сарқан және Кербұлақ аудандық жастар кеңестерінің төрағалары өз өңірлеріндегі атқарылған жұмыс есептерін беріп, сәтті кейстерімен бөлісті.
Жиын қатысушылары облыстық, республикалық, тіпті халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысу белсенділігін арттыру туралы ортақ шешімге келді. Бұл отырыс кәсіподақ қозғалысына жаңа серпін беріп, жастардың өзара ынтымақтастығын нығайтатын маңызды алаңға айналды.
-
Фото
-