Мүгедектігі бар қызметкерлерге қолданылатын негізгі салықтық жеңілдіктер
Мүгедектігі бар қызметкерлерге қолданылатын негізгі салықтық жеңілдіктер
2026 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанда жеке тұлғаларға қатысты салық салу жүйесіне ауқымды өзгерістер енгізілген жаңа Салық кодексі күшіне енді.
Мүгедектігі бар қызметкерлер Қазақстан Республикасының Салық кодексінде (бұдан әрі – СК) бекітілген бірқатар салықтық жеңілдіктерге ие.
1. Салықтық шегерімдер туралы
Негізгі жаңалықтардың бірі болып жеке табыс салығының (ЖТС) прогрессивті шкаласын енгізу болды.
СК 363-бабына сәйкес жылына 8500 еселенген АЕК-ке дейін аспайтын жеке тұлғаның кірістеріне (36,8 млн. тенге шамасында) 10% мөлшерде салық салынатын болады, ал осы сомадан жоғары кірістерге -15% мөлшерде салық салынады. Бұл өзгеріс салықтық әділеттілікті арттыруға және табысы төмен азаматтарға жүктемені азайтуға бағытталған.
Ескертпе: 2026 жылға 1 АЕК - 4 325 теңгені құрайды.
Салықтық шегерімдер қайта қаралды: СК 403-бабы бойынша 2026 жылдан ЖТС бойынша «стандартты шегерім» «базалық салықтық шегерімге» ауыстырылды.
Енді «стандартты/базалық салықтық шегерімнің» мөлшері 14 АЕК орнына (2025 жылы 55 048 тг.) 2026 жылдан 30 АЕК (129 750 тг.) болады. Кейінгі жылдары, тиісінше, әр жылға өзекті АЕК мөлшері қолданылатын болады, осылайша шегерім ұлғаяды.
Базалық шегерім әр күнтізбелік ай үшін қолданылады. Күнтізбелік жыл үшін базалық салық шегерімнің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 360 АЕК-тен (30*12 ай) аспауы тиіс (бұрын - 168 АЕК болған).
Осыған орай, 2026 жылдан жеке тұлғаның жеке салықтық шегерімдердің келесі түрлерін қолдануға құқығы бар:
1) әлеуметтік төлемдердің салықтық шегерімі (МЗЖ, МӘМСЖ);
2) базалық салықтық шегерім;
3) әлеуметтік салықтық шегерім.
Маңызды! ҚР СК 437-бабына сәйкес базалық салықтық шегерім мен әлеуметтік салықтық шегерімдер:
1) жеке тұлғаның салықтық шегерімдерді қолдану туралы өтініші;
2) әлеуметтік салықтық шегерімді қолдану үшін растайтын құжаттардың көшірмелері негізінде қолданады.
2. Салықтық жеңілдіктер (ЖТС және жарналар).
СК 404-бабы 1)-тармақшасына сәйкес I және II топтағы мүгедектігі бар тұлғалар үшін салықтық шегерім айына 5000 АЕК дейін ұлғайтылды.
882 АЕК келесі тұлғаларға қолданылады (СК 404-бабы 3-тармағы 2), 3) -тармақшалары):
ІІІ топтағы мүгедектігі бар адам;
мүгедектігі бар бала;
Ұлы Отан соғысына қатысушы, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адам және (немесе) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адам;
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адам;
18 жасқа толғанға дейін әрбір мүгедектігі бар бала үшін – осындай мүгедектігі бар баланың ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
өмір бойына әрбір «бала кезінен мүгедектігі бар адам» деген себеппен мүгедектігі бар адам деп танылған осындай адам үшін – адамның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;
асырап алынған бала 18 жасқа толғанға дейін әрбір бала асырап алушы үшін – осындай адамдардың бірі;
жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың қолданылу мерзімі кезеңінде жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баланы қабылдайтын отбасына қабылдап алған әрбір ата-ана үшін – осындай адамдардың бірі.
Осылайша, егер көрсетілген тұлғалардың табысы күнтізбелік жылға сәйкесінше 500-, 882 еселенген АЕК мөлшерінен аспаса, ЖТС-дан босатылады.Қарастырылған салықтық жеңілдіктер олардың салық салынатын кірістерін төмендететінін атап өткен жөн.
Маңызды! Қызметкер міндетті түрде күнтізбелік жылға әлеуметтік салық шегерімін қолдануға, ЖТС ұстамау туралы өтініш жазуы тиіс. Сонымен қатар, ата-аналардың екеуі де мұндай шегерімді қолдана алмайды.