САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚТЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Бүгін онлайн-форматта ағымдағы жылғы Атқару комитетінің қорытынды отырысы өтті. Отырыс барысында Атқару комитетінің мүшелері кәсіподақ органдары қызметінің тиімділігін арттыруға және кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғауға бағытталған өзекті мәселелердің кең ауқымын қарап, талқылады:
Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Жану проблемалары институты» ШЖҚ РМК қызметкерлерінің «Алтын Жебе» жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі заңнаманы қадағалауға, білім және ғылым саласы қызметкерлері үшін заманауи қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасауға қатысуға қоғамдық бақылау тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысы туралы;
Абай облыстық ұйымының қаржылық қызметті ұйымдастыру және бухгалтерлік есеп жүргізу, сондай-ақ іс қағаздарды жүргізу бойынша жұмыс жағдайы туралы;
құжат айналымын цифрлық форматқа көшіру жұмыстарының жай-күйі және кәсіподақ органдарының Кәсіподақта іс жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі шешімдерінің орындалуы туралы;
Шығыс Қазақстан облыстық ұйымында ақпараттық жұмысты ұйымдастыру туралы;
Кәсіподақ органдарының қызметіне жасанды интеллектіні енгізу бағдарламасын бекіту туралы;
кәсіподақтың ағымдағы және перспективалық қызметіне қатысты басқа да ішкі мәселелер.
Отырыс қорытындысы бойынша кәсіподақтың сайланбалы органдары мен Орталық комитеті аппаратының 2026 жылғы жүйелі және мақсатты жұмысына негіз болатын перспективалық жұмыс жоспары бекітілді.
Отырысты қорытындылаған Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева қабылданған шешімдер ағымдағы ұйымдастырушылық міндеттерді шешумен қатар кәсіподақтың стратегиялық дамуына да бағытталғанын атап өтті.
Цифрландыру, жасанды интеллектті енгізу, ақпараттық саясат пен қоғамдық бақылауды күшейту кәсіподақ мүшелерінің қазіргі заманғы сын-тегеуріндері мен сұраныстарына жауап беретін кәсіподақ жұмысының сапалы жаңа деңгейін қалыптастырады.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі