ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ҚАРАҒАНДЫДА ӨТТІ
Бүгін Қарағандыда облыстық Білім басқармасының мәжіліс залында білім беру ұйымдарының басшыларына, педагогтарға және әдіскерлерге арналған «Еңбек қатынастарын реттеудегі әлеуметтік әріптестіктің рөлі: еңбек қатынастары және педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары бойынша салалық заңнаманың қолданылуы» тақырыбында онлайн және офлайн форматта семинар-кеңес өтті.
Семинарға Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ өкілі Гүлден Мұхамбетжанова, Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының музыкалық және көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімінің әдіскері Гүлжан Нәлібаева, салалық кәсіподақтың құқықтық жұмыс бөлімінің жетекшісі Райхан Қыдырбаева қатысты.
Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева кәсіподақтың ағымдағы қызметі мен негізгі жұмыс бағыттары туралы баяндап, әлеуметтік әріптестіктің еңбек қатынастарын реттеудегі маңызын атап өтті.
Іс-шара барысында педагогтарды аттестаттаудан өткізу тәртібіндегі өзгерістер, қосымша білім беруді дамытудың 2025–2029 жылдарға арналған тұжырымдамалық негіздері және білім беру ұйымдарындағы еңбек қатынастарын реттеу мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Сұрақ-жауап бөлімінде қатысушылар күнделікті қызмет барысында туындайтын өзекті мәселелерді көтеріп, нақты құқықтық кеңестер мен практикалық ұсыныстар алды.
Аталған семинар-кеңес білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестікті нығайтуға, еңбек қатынастарын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес реттеуге және педагогтердің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.
Семинар соңында Қарағанды облыстық кәсіподағының бас маманы Ж.Мағзиев ҚРКФ «Кәсіподақ қозғалысына 120 жыл». медалімен , Өрлеу біліктілікті арттыру институтының директоры М.Жетпісбаева мен облыстық N6 арнайы мектеп-интернатының директоры Б.Көшіғұлова Салалық кәсіподақтың «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен , Теміртау жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы Е.Иванова КФ «Еңбек озаты» медалімен марапатталды.
Сонымен қатар Респуюликалық фкстиваль-байқауында жеңімпазды дайындағаны үшін қосымша білім беру педагогтары Қ.Тусупова, И.Полякова , И.Косаревқа Салалық кәсіподақтың сыйлық сертификаты табысталды.
-
Фото
-