КӘСІПОДАҚ ПЕН «ӨРЛЕУ» АҚ ҰЖЫМДЫҚ ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ
20 желтоқсанда Астанада Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы арасында ұжымдық шартқа қол қойылды.
Құжатқа Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева мен «Өрлеу» ҰБАО АҚ Басқарма төрағасы Айдана Шілібекова қол қойды.
Ұжымдық шарт педагогтардың құқықтары мен міндеттерін айқындап, әлеуметтік жеңілдіктерге кепілдік береді және кәсіби өсуін ынталандырады. Қол қойылған құқықтық акт Салалық келісімде көзделген кепілдіктерді кеңейтеді. Негізгі ережелердің қатарында қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін төленетін қосымша жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығын арттыру, жұмыс уақыты мен демалыс режиміне қатысты құқықтық кепілдіктерді кеңейту, сондай-ақ жұмыс берушінің сауықтыру жәрдемақысын төлеу жөніндегі міндеттемелерін күшейту қарастырылған.
Шара Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2018 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты аясында өтті. Биыл байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 16 мыңнан астам педагог қатысты.
Салалық кәсіподақ педагогтарға белсенді қолдау көрсетіп, байқау жеңімпаздарына «Көктем» шипажайына жолдамалар табыстады.
-
Фото
-