ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ҮЗДІК ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКТОР
2025 жылғы 28 қарашада «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ ұйымдастырған «Еңбекті қорғау жөніндегі үздік техникалық инспекторы» байқауының қорытындысы шығарылды.
Байқаудың бірінші тобы бойынша Қарағанды облысы Абай ауданының «Таңшолпан» бөбекжай-балабақшасының еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспекторы Плекан Нина Николаевна жеңімпаз деп танылды.
2024 жыл ішінде Нина Николаевна еңбек қауіпсіздігі бойынша 10-нан астам қоғамдық бақылау іс-шарасын өткізіп, мекеме қызметкерлері мен тәрбиеленушілердің еңбек жағдайы мен тамақтануына тұрақты мониторинг жүргізді.
Өз қызметі аясында ол:
• еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша педагогикалық және аудандық семинарларда баяндама жасады;
• ұжымға арналған оқыту семинарлары мен викториналар өткізді;
• алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тренингтер ұйымдастырды;
• ауданның білім беру ұйымдары үшін еңбек қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі бойынша ақпараттық парақшалар мен буклеттер әзірлеп, таратты.
Нина Николаевнаның жүйелі әрі кәсіби жұмысының нәтижесінде еңбек қауіпсіздігі жағдайлары жақсартылып, сондай-ақ балабақша қызметкерлері үшін психологиялық демалыс бөлмесі ашылды.
Плекан Н.Н. жетістіктері:
«Үздік еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспектор» облыстық кезеңі — 1 орын;
«Үздік техникалық инспектор – 2024» аудандық байқауы — 1 орын;
Еңбек қауіпсіздігі бойынша үздік презентация байқауы — 3 орын;
Еңбек қауіпсіздігі бойынша үгіт-насихат материалдары байқауы — 2 орын;
Аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты.
Кәсіподақ Плекан Нина Николаевнаны лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтайды және алғыс білдіреді!
Оның кәсібилігі, бастамашылдығы мен жауапкершілігі — еліміздегі барлық еңбек қауіпсіздігі жөніндегі техникалық инспекторлар үшін үлгі.