Оқу-ағарту министрі Салалық кәсіподақ төрағасымен кездесті
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашеваны қабылдады. Кездесу барысында Айгүл Мұқашева кәсіподақтың қызмет бағыттары туралы ақпарат беріп, кәсіподақ мүшелерінің құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету және саладағы әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.
Тараптар саладағы түйткілді мәселелерді талқылап, педагогтарды қолдауға және білім беру жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.