САЛАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
Кәсіподақтар федерациясының ғимаратында ғылым және жоғары білім саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Салалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырысқа Ғылым және жоғары білім министрлігінің, салалық кәсіподақтар мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Салалық комиссия отырысын Комиссия төрағасы - Ғылым және жоғары білім министрлігі аппарат басшысы М.Қожахмет ашып, жүргізіп отырды.
Салалық комиссия келесі мәселелерді қарастырды:
ҒЖБМ ұйымдарында қоғамдық бақылаудың қорытындылары туралы: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Satbayev University (Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ), Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, ҚазТБУ, «Жану проблемалары институты» РМҚК;
Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінде әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелерді қарастыру қорытындысында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Салалық комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Отырыс конструктивті жағдайда өтті, әлеуметтік әріптестікті нығайту және ғылым мен жоғары білім саласындағы еңбек жағдайларын жақсарту мәселесіне баса назар аударылды.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі
-
Фото
-