«ҮЗДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПЕДАГОГІ - 2025» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
17-21 қараша аралығында Щучинск қаласы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2025» республикалық байқауы өтті.
Байқауға еліміздің әр өңірінен 20 үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты.
Байқауды Салалық кәсіподақ, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің “Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы” және «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Байқаудың апелляциялық комиссия құрамында Салалық кәсіподақтың бас маманы Асан Бітімбай болды.
Байқаудың қорытындысы бойынша
I орынды (300 000 тг.) Лариса Трушель (Қостанай обл.)
II орынды (200 000 тг.) Нағашыбай Әкімбаев (Ақтөбе обл.)
II орынды (200 000 тг.) Алексей Волчков (Жетісу обл.)
III орынды (150 000 тг.) Амангелді Өтегенов (Ақмола обл.)
III орынды (150 000 тг.) Олжас Какимжанов (Павлодар обл.) иеленді.
Арнайы номинация иелері:
«Үздік портфолио» — Лунара Назарова (Алматы қ.);
«Креативті педагог» — Гүлмира Мынжасарова (Түркістан обл.);
«Заманауи дене шынықтыру сабағы» — Алтынбек Жүсіпов (Қызылорда обл.);
«Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара» — Салтанат Дәулетова (Астана қ.);
«Көрермендер көзайымы» — Гүлмира Салабекова (Жамбыл обл.).
Номинация иелеріне диплом және 100 000 теңгелік сертификат табысталды.
Байқау жеңімпаздары мен арнайы номинация иегерлерін марапаттау үшін Салалық кәсіподақ демеушілік жасады.
-
Фото
-