КӘСІПОДАҚТЫҢ ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР
20–21 қараша күндері Салалық кәсіподаққа қарасты мүшелік ұйымдар, филиалдар және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қаржы қызметкерлері мен тексеру комиссиясы төрағаларына арналған екі күндік семинар өткізілді.
Семинар Салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары В. Беженаровтың алғысөзімен ашылды.
Салық кодексіндегі жаңалықтар туралы шақырылған лектор, кәсіби есепшілерді сертификаттау бағдарламасына арналған оқу құралдарының авторы М.Рахметқалиева жан-жақты ақпарат берді.
Кәсіподақ ұйымдарындағы бақылау-тексеру комиссиясының жұмысы жөнінде Салалық кәсіподақтың бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы, Қарағанды облыстық ұйымының төрағасы А.Рақышева хабардар етті.
Салалық кәсіподақтың бас есепшісі Г.Тоқабаева өз баяндамасында кәсіподақ ұйымдарындағы қаржылық жұмысқа назар аударып, кәсіподақ ұйымы қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың негізгі қағидаттары, кәсіподақтың мүшелік жарналарын есептеу және төлеу, оларды бөлу мәселелері туралы ақпарат берді. Сондай-ақ кәсіподақтағы қаржылық жұмыс пен бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы жөнінде түсіндірді.
Семинар қорытындысы бойынша төраға орынбасары В. Беженаров қатысушылар атынан М. Рахметқалиеваға 2026 жылға арналған жаңа Салық кодексінің талаптары бойынша берген мазмұнды ақпараттары мен түсіндірмелері үшін алғысын білдіріп, семинар қатысушыларына кәсіподақ бюджетін мақсатты және тиімді пайдалану жөніндегі жауапты жұмыстарында табыс пен сәттілік тіледі.
-
Фото
-