
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҰЖЫМДЫҚ ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
13 қазанда «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КеАҚ мен университет қызметкерлерінің Бастауыш кәсіподақ ұйымы арасында 2025–2027 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа қол қойылды.
Келіссөздер ағымдағы жылдың 2 шілдесінде басталып, 2 қазанда аяқталды. Төрт айға жуық уақыт ішінде тараптар бірқатар жұмыс кездесулерін өткізіп, келісім жобасын егжей-тегжейлі талқылап, негізгі бағыттар бойынша келісімге келді.
Жұмыс ҚР Еңбек кодексінің 156–157-баптарына сәйкес жүргізілді. Келіссөздер барысында еңбек және еңбекақы шарттары, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етілуі мәселелері қарастырылды.
Келіссөздер іскерлік және сындарлы атмосферада өтті. Нәтижесінде тараптар өзара түсіністікке қол жеткізіп, қызметкерлер мен жұмыс берушінің мүдделер теңдігін белгілейтін құжат қабылдады. Ұжымдық келісімге қол қою әлеуметтік әріптестікті нығайтуға және әкімшілік пен кәсіподақ арасындағы өзара іс-қимылды тиімді арттыруға бағытталған бірлескен жұмыстың нәтижесі.
Атап өту керек, «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КЕАҚ 2024 жылы Президент Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған. Қол қойылған бұл құжат университет тарихындағы алғашқы ұжымдық шарт. Маңызды құжат тараптардың әлеуметтік әріптестікті нығайтуға, сондай-ақ әкімшілік пен еңбек ұжымы арасындағы өзара ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға деген ортақ ұмтылысын айқын көрсетеді.