
КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ
Мамандығым - қазақ тілі мен әдебиетә пәнінің мұғалімі. Қазақ тілі мен әдебиеті педагогика ғылымдарының магистрімін. Қазіргі таңда мемлекеттік балабақшада жұмыс істеймін. Педагог-сарапшымын. Мектепке дейінгі ұйымда магистратура дәрежесі үшін қосымша ақы төлене ме?
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі» Үкіметтің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысымен (әрі қарай - Қаулы) бекітілген.
Жоғарыда көрсетілген Қаулының 4-Қосымшасының 10-тармағына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне, әдістемелік кабинет (орталық) педагогтеріне ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін 10 АЕК көлемінде қосымша ақы көзделген. Көрсетілген қосымша ақы тиісті дипломы болған жағдайда және негізгі жұмыс орны бойынша нақты жүктемеге қарамастан белгіленеді.
Осыған орай, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жоғарыда көрсетілген нормаға кірмегендіктен магистр дәрежесі үшін 10 АЕК көлемінде қосымша ақы төленбейді.