
САЛАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
Бүгін 10 қыркүйекте ғылым және жоғары білім саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік–еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Салалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс жұмысына Комиссия мүшелері – Ғылым және жоғары білім министрлігінің, салалық кәсіподақтар мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Кәсіподақтар тарапынан «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы», «Қазақстандық ғылым және инновациялық білім ұйымдары қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» өкілдері, жұмыс берушілер тарапынан – «Адам капиталды, білім және ғылымды дамыту ұйымдарының ассоциациясы» ЗТБ қатысты.
Салалық комиссияның жұмысы Комиссия құрамымен бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Салалық комиссия мүшелері келесі мәселелерді қарастырды:
1.Қазақстан Республикасында ғылым және жоғары білім саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік–еңбек қатынастарын реттеу бойынша Салалық комиссия төрағасын сайлау туралы.
2.2024 жылғы ғылым және жоғары білім саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік–еңбек қатынастарын реттеу бойынша Салалық комиссияның жұмыс жоспарын орындау туралы.
3.2025 жылдың 9 айындағы ғылым және жоғары білім саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік–еңбек қатынастарын реттеу бойынша Салалық комиссияның жұмыс жоспарының орындалуы туралы.
4.«ҚР ҒЖБМ ҒК «Жану проблемалары институты» ШЖҚ РМК әлеуметтік серіктестікті ұйымдастыру туралы.
Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Қазақстан Республикасында ғылым және жоғары білім саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік–еңбек қатынастарын реттеу бойынша Салалық комиссияның төрағасы болып Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысы М.Д.Қожахмет сайланды. Комиссияның координаторлығына А.Б.Рахымжанов тағайындалды.