
КӘСІПОДАҚ ПОШТАСЫ
Штаттық кестені толық жасақтау және оқу процесін тиісті деңгейде ұйымдастыру мақсатында білім беру ұйымында қоса атқарушыларды жұмысқа қабылдау қажеттілігі туындады. Педагогтарды қоса атқару жағдайында жұмысқа қабылдау конкурспен жүргізілуі тиіс па?
Мемлекеттік білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтарын лауазымдарынан босату тәртібін ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтарын лауазымға тағайындау, лауазымнан босату Қағидалары айқындайды (әрі қарай - Қағидалар).
Қағидалардың 134-тармағына сәйкес білім беру ұйымы қоса атқарушыларды конкурссыз, негізгі жұмыс берушінің келісімі бойынша, ҚР Еңбек кодексінің (әрі қарай - ЕК) 1- бабы 56)-тармақшасында айқындалған тәртіппен жұмысқа қабылдайды.
ЕК 1-бабы 56)-тармақшасы бойынша қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы.
Жұмыс берушіге білу маңызды!
ЕК 32-бабы 4-тармағына сәйкес жұмыскер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын басқа жұмыс берушімен жасасу үшін негізгі жұмыс орны бойынша еңбектің сипаты мен шарттары (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары) туралы анықтама ұсынуы тиіс.