
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПЕДАГОГТАРЫ СЕКЦИЯСЫ
Бүгін Астанада Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы педагогтардың республикалық тамыз саммиті аясында «Дене шынықтыру: денсаулық, құндылықтар, кәсібилік» тақырыбында республикалық дене-шынықтыру педагогтары секциясын өткізді.
Шараға Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қ.Жұмашев, Туризм және спорт министрінің орынбасары С.Жарасбаев, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының бас директоры А.Ташметов қатысты.
Секция аясында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының дене тәрбиесі саласында Салалық кәсіподақпен бірлесе атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар атап өтілді. Оның ішінде дәстүрлі түрде өткізілетін орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметкерлері арасындағы республикалық спартакиада мен «Үздік дене шынықтыру педагогы» байқауының маңыздылығы аталды.
Бұқаралық спортты дамыту - салауатты ұлт қалыптастырудың негізі. Осы бағытта педагогтар мен мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, қоғамдағы құндылықтарды нығайту және жас ұрпақтың денсаулығын сақтау басты міндеттердің бірі.
Орталық басшысы А.Ташметов дене шынықтыру мен спортты дамытудағы белсенді бастамалары және нәтижелі ынтымақтастықтық үшін Салалық кәсіподақтың бас маманы А.Бітімбайды Алғыс хатпен марапаттады.
Шара дене шынықтыру педагогтарының тәжірибе алмасу, кәсіби дамуына серпін беру және спортты дамытудағы жаңа бағыттарды айқындау алаңына айналды.
-
Фото
-