
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ – 2025»: САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ НАУҚАНЫН ҚОЛДАЙДЫ
Жаңа оқу жылы қарсаңында елімізде жыл сайынғы «Мектепке жол – 2025» республикалық қайырымдылық науқаны басталды.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағы дәстүрлі түрде науқанды қолдап келеді және әлеуметтік осал санаттағы балаларға нақты көмек көрсетуді жалғастырады.
Биыл да кәсіподақ табысы төмен кәсіподақ мүшелерінің балаларын жаңа оқу жылына дайындауға материалдық қолдау көрсетеді. Кәсіподақ бюджетінен бөлінген қаражат мектеп формасын, кеңсе тауарларын, спорттық, сондай-ақ жылы киімдер сатып алуға бағытталатын болады.
Мұндай әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру тек білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етіп қоймай, сонымен қатар қоғамда ынтымақтастық, әлеуметтік жауапкершілік және өзара көмек құндылықтарын нығайтуға да ықпал етеді.
Акция аясындағы қайырымдылық шаралары 2025 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының баспасөз қызметі