
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫНЫҢ АТҚАРУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
3 шілдеде Астана қаласында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының Атқару комитетінің отырысы өтті. Отырыс барысында құқықтық қорғау, еңбек қауіпсіздігі, қоғамдық бақылау және электрондық құжат айналымы бойынша кәсіподақ ұйымдары қызметінің нәтижелері қаралып, бірқатар маңызды құжаттар бекітілді.
Отырысқа Атқару комитетінің мүшелері, облыстық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, Кәсіподақтың Орталық комитет аппаратының қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер:
- Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылауды күшейту бойынша Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысы туралы;
- Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстық кәсіподақ ұйымдарында іс қағаздарды жүргізу бойынша жұмыс жағдайы туралы;
- 2024 жылға арналған ұжымдық-шарттық науқанның қорытындылары туралы;
- Алматы қалалық «Ұстаз» кәсіподақ ұйымының жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтауына қоғамдық бақылау және құқық қорғау жұмысын ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу туралы;
- Батыс Қазақстан және Ақмола облыстық кәсіподақ ұйымдарының жұмыс тәжірибелерін кешенді зерделеу нәтижелері туралы;
- Жетісу облыстық кәсіподақ ұйымында электрондық құжат айналымын жүргізу тәжірибесін зерделеу нәтижелері және электрондық-сандық платформаны іске асыру туралы.
Сонымен қатар, отырыс барысында кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру және жастарды кәсіподаққа тарту бойынша Кешенді бағдарлама қабылданып, бірқатар маңызды Нұсқаулықтар бекітілді.
Атқару комитеті отырысын қорытындылаған Cалалық кәсіподақ төрағасы А.Мұқашева барлық деңгейдегі кәсіподақ ұйымдарын қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғаудағы кәсіподақтың рөлін күшейтуге, жұмыс тиімділігі мен ашықтығын арттыруға, сондай-ақ еңбек ұжымдарының сенімін нығайтуға шақырды.
Отырыс іскерлік, конструктивті форматта өтіп, күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
-
Фото
-