
ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫНА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Салалық кәсіподақтың Құқықтық жұмыстар, ЕҚжЕҚ бөлімінің мамандары Алматы қаласында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті және Абай атындағы ҚазҰПУ-де еңбек заңнамасының орындалуына қоғамдық бақылау жүргізіп, әдістемелік ұсынымдар беріп, құқықтық көмек көрсетті.
Ғылым және жоғары білім қызметкерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамту және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөнінде 2023-2026 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісім негізінде Салалық кәсіподақтың құқықтық қызмет мамандары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуы, келісімдер мен ұжымдық шарттардың орындалуы, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасына қатысты заңнаманың орындалу барысын қарастырды.
Қоғамдық бақылау аясында Орталық комитет өкілдері универсиет басшылығымен және ЖОО-дағы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.
-
Фото
-