
Халықаралық конференциясына қатысушы шетелдік қонақтар ҚР Оқу-ағарту және Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдерімен кездесті
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында Астанаға халықаралық делегация келді, Оның құрамында:
-Сергиус Гловацкас - ХЕҰ жұмысшылар кеңсесінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия секторының меңгерушісі;
-Йелмер Эверс - Еуропалық білім кәсіподақтары комитетінің директоры (ETUCE) ;
-Талип Гейлан - Түркия Республикасының «Türk Eğitim-Sen» білім кәсіподағының және Халықаралық Еуразия білім кәсіподақтары бірлестігінің (UAESEB) төрағасы;
-сондай-ақ Албания, Нидерланды, Болгария, Әзірбайжан, Грузия, Тәжікстан, Қырғызстан білім кәсіподақтарының өкілдері бар.
Сапар аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінде келелі кездесу өтті, оның барысында білім беру жүйесін дамытудың, әлеуметтік әріптестік тетіктерін жетілдірудің, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың және педагогтар мәртебесін көтерудің негізгі мәселелері талқыланды.
Әлеуметтік әріптестер тарапынан кездесуге қатысқандар:
-Тимур Әбілмажанов - Оқу-ағарту министрлігінің аппарат басшысы;
-Мадияр Қожахмет - Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысы;
-Қаныбек Жұмашев - Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің төрағасы;
-Әсет Мұхамбетов - Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры.
Шетелдік қонақтар қазақстандық білім беру моделіне және мемлекет пен кәсіподақ арасындағы өзара іс-қимыл жүйесіне қызығушылық танытты. Кездесу барысында олар білім беру процесін ұйымдастыруға және саланың өзекті мәселелерін шешудегі кәсіподақтардың рөліне қатысты мазмұнды сұрақтар қойды.
Қазақстандық тарап әлеуметтік әріптестіктің қолданыстағы жүйесін егжей-тегжейлі таныстырып, сындарлы диалогты қамтамасыз етудегі, қызметкерлердің құқықтарын қорғаудағы және білім саласын тұрақты дамытудағы тиімділігін атап өтті. Министрлік өкілдері қойылған әрбір сұраққа толыққанды жауап беріп, кәсіби және халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделік танытты.
Кездесу соңында халықаралық делегация Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне және №107 жайлы мектепке барып, оқу ордаларының материалдық-техникалық базасымен және оқу процесін ұйымдастырудың заманауи үлгісімен танысты.
-
Фото
-