• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Кәсіподаққа – 100 жыл

  • Басты бет
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • ҰСТАЗДАР ЗИЯТКЕРЛІК…

ҰСТАЗДАР ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСТА БАҚ СЫНАСТЫ

📑Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының жанынан құрылған Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен аудан көлемінде дебат турнирі өтті. Зияткерлік сайысқа аудандағы білім беру ұйымдарынан құралған 11 команда қатысып, үш түрлі тақырып бойынша өзара пікір сайыстырды.

✨Аталған турнир Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының 100 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Бұл бастама жас мамандардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, ой-өрісі мен сөйлеу мәдениетін дамытуға, сондай-ақ кәсіподақ қозғалысына деген қызығушылығын оятуға бағытталған.

📺 Алдымен жастар назарына Салалық кәсіподақтың ғасырлық тарихынан сыр шертетін деректі фильм ұсынылды.

✅Шараның ашылу рәсімінде Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының өкілдері Айжарық Серімбетов пен Сандуғаш Дүйсенбаева қатысушыларға сәттілік тілеп, кәсіподақтың жастармен жүргізіп жатқан жұмыстары жөнінде баяндады. Ұйым өкілдері білім кәсіподағының негізгі мақсаты – жастардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, сонымен қатар олардың кәсіби тұрғыда дамуына жол ашу екенін ерекше атап өтті.

🔆Шара барысында аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Гүлнар Байменшина мен аудандық білім бөлімінің басшысы Жанат Дүйсенова жастардың белсенділігіне жоғары баға беріп, мұндай іс-шаралардың жас мамандардың кәсіби әрі тұлғалық дамуына қосар үлесінің зор екенін тілге тиек етті.

🧩Дебат турнирі барысында қатысушылар өз ойларын ашық айтып, қарсы пікірге жауап беруде жоғары белсенділік танытты. Пікірталас тақырыптары білім мен тәрбие, қоғамдағы жастардың рөлі, сондай-ақ кәсіподақ қозғалысының келешегі сынды өзекті мәселелерді қамтыды.

🔆Сайыс соңында үздік ойын көрсеткен командалар мен қатысушылар Қарғалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Сондай-ақ, турнир барысында белсенділік танытқан жастарға Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымының Алғыс хаттары, аудандық кәсіподақ ұйымы мен аудандық білім бөлімінің бірлескен Алғыс хаттары табысталды.

✅Бұл турнир жас педагогтарға өз қабілеттерін көрсетуге, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, әрі кәсіподақ қозғалысына тартуға мүмкіндік берген маңызды шара болды.

Жарияланған күні: Маусым 3, 2025
Бөлісу

Санаттар

  • Аттестаттау
  • Еңбекақы төлемі
  • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
  • Еңбек шарты
  • Басқа

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты