• +7 (7172) 21 04 54
  • proin.kz@mail.ru
  • Қазақ
  • Русский
  • Мобильное приложение
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ
  • Біз туралы
    • Кәсіподақтың тарихы
    • Құрылтай құжаттары
    • Басшылық
    • Орталық Комитет мүшелері
    • Атқару комитеті мүшелері
    • Тексеру комиссия мүшелері
    • Мүшелік ұйымдар
  • Кәсіподаққа – 100 жыл
  • Құжаттар
    • Алқалы органдардың қаулылары
    • Нормативтік құжаттар
    • Кітапхана
  • Қызметі
    • Әлеуметтік әріптестік
    • Құқықтық қызмет
    • Соттардың шешімдері мен қаулылары
    • Еңбекті қорғау
    • Жастар саясаты
    • Кәсіподақтық оқыту
    • Халықаралық ынтымақтастық
    • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
    • Әйелдер істері жөніндегі комиссия
  • Баспасөз қызметі
    • Жаңалықтар
    • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
    • Мақалалар
  • Галерея
    • Фото
    • Видео
  • Сұрақ-жауап
    • Аттестаттау
    • Еңбекақы төлемі
    • Жұмыс уақыты және тынығу уақыты
    • Еңбек шарты
    • Басқа
  • Байқаулар
    • Байқаулар

Жастар саясаты

  • Басты бет
  • Жастар саясаты
  • ЖАС ПЕДАГОГТАРДЫҢ Д…
ЖАС ПЕДАГОГТАРДЫҢ ДӘСТҮРЛІ V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІ

2023 жылдың  1 шілдесінде Абай облысының Алакөл демалыс аймағында Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының «Жаңашыл жастар – кәсіподақ болашағы» тақырыбында жас педагогтарға арналған дәстүрлі V республикалық жазғы лагері өз жұмысын бастады.

Жазғы лагерь жұмысына 100-ден астам адам қатысуда. Олар жас ұстаздар, жас кәсіподақ белсенділері, Салалық кәсіподақтың жастар кеңесі мүшелері.

Республикалық лагерьдің негізгі мақсаты-саладағы Жастар кәсіподақ қозғалысының әлеуетті көшбасшыларын анықтау; кәсіподақ қозғалысында жастар саясатын одан әрі дамыту; әлеуетті көшбасшылар мен белсенділерді тарту арқылы жастар арасында кәсіподақтың оң имиджін дамыту; сондай-ақ патриотизм, рухани мәдениет сезімін өркендету.

Шараға қатысушылар алдында Салалық кәсіподақ төрағасы А.Мұқашева, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеулер институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, саясаттану докторы, профессор М.Сыдықназаров, Салалық кәсіодақтың Жетісу облыстық ұйымы төрағасы М.Төлепбергенов, Шығыс Қазақстан облыстық ұйымының төрағасы Н.Қасенова құттықтау сөз сөйледі.

Айгүл Мұқашева өз сөзінде Салалық кәсіподақ қызметінің басым бағыттарының бірі - жастармен жұмыс болып табылатынын, кәсіподақ тарапынан жас кәсіподақ кадрларын даярлау және жас кәсіподақ көшбасшылары қатарынан кадр резервін қалыптастыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінетінін атап өтті. Кәсіподақ жастарды тарта отырып, көптеген іс-шаралар өткізеді. Салалық кәсіподақ жанынан құрылған республикалық Жастар кеңесі нәтижелі жұмыс істеуде.

Сөз соңында А. Мұқашева барлық қатысушыларға жемісті жұмыс тіледі.

Жас ұстаздар алдында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заманауи зерттеулер институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, саясаттану докторы, профессор Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлы Сыдықназаров жас ұстаздарға «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ Мемлекеті» тақырыбында арнайы дәріс оқыды.

Лагерь жұмысы барысында жастар үшін өзекті тақырыптар бойынша түрлі семинарлар, тренингтер, коучингтер, тимбилдингтер өткізіледі. Шараның салтанатты жабылуы 4 шілдеге жоспарланған.

    • Фото


    • ...
      ...
      ...
      ...
      ...
      ...

Мәзір санаттары

  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
  • Әйелдер істері жөніндегі комиссия

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОҚУ-АҒАРТУ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПТІК ОДАҒЫ

Біз туралы
  • Кәсіподақтың тарихы
  • Құрылтай құжаттары
  • Басшылық
  • Орталық Комитет мүшелері
  • Атқару комитеті мүшелері
  • Тексеру комиссия мүшелері
  • Мүшелік ұйымдар
Қызметі
  • Әлеуметтік әріптестік
  • Құқықтық қызмет
  • Соттардың шешімдері мен қаулылары
  • Еңбекті қорғау
  • Жастар саясаты
  • Кәсіподақтық оқыту
  • Халықаралық ынтымақтастық
  • Салалық кәсіподақ қызметі туралы ақпарат
Құжаттар
  • Алқалы органдардың қаулылары
  • Нормативтік құжаттар
Баспасөз қызметі
  • Жаңалықтар
  • Аумақтық ұйымдардың жаңалықтары
  • Мақалалар
Контактілер
  • Қазақстан Республикасы
  • 010000, Астана қ.,Абай проспекті, 38, офис 315
  • Тел: +7 (7172) 210454
  • E-mail: proin.kz@mail.ru

© Барлық құқықтар қорғалған 2022

  • Қолдану ережелері
  • Құпиялылық саясаты