Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжің мәжіліс залында 11 қараша күні, Облыстық білім беру мекемелерінің келісу комиссиясының мүшелеріне арналған «Білім беру ұйымында келісу комиссиясын құру. Келісу комиссиясында еңбек дауын шешу тәртібі. Еңбек даулары бойынша келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту» жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында оболыстық оқыту семинарлары болып өтті.
Күннің бірінші жартысында Облыстың колледждерінің келісу комиссия мүшелеріне, екінші жартысында облыстық мекемелер: Білім басқармасы, Облыстық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернат, «Дарынды» балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат, «Каспий дарын» қосымша білім беру орталығы, облыстық санаторлық мектеп-интернат, «Отбасы» үлгісіндегі балалар ауылы, т.б. 12 қараша күні Оболыстың арнайы білім беру мекемелері, орталықтары мен түзеу кабинеттері және мектептерінің келісу комиссия мүшелеріне арналады.
Семинарды Маңғыстау облыстық кәсіподақ комитеті аппаратының құқықтық қызметтері жөніндегі бас маманы Наталья Храмова және құқықтық қызмет жөніндегі маман Рүстем Сүлейменов жүргізіп, келісу комиссияларының еңбек дауы басталғаннан шешілгенге шейін қандай іс-шаралар жүргізу керектігін айтып берді.
Туындалған мәселелер бойынша одан шығу жолдарына мысалдар келтіре отырып толықтыра нақтырақ түсіндірілді.
Барлық қатысушыларға құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттар беріп, сұрақтарына толық жауап қайтарылды.
Семинар соңында қатысушыларға оқу курсын өткені туралы сертификаттар тапсырылды. Семинарға қатысқан кәсіподақ мүшелері облыстық семинардың нәтижелі, пайдалы және қажеттілігін айтып, өз пікір-ойларымен бөлісті.
Маңғыстау облыстық кәсіподақ комитеті
