Ақтөбе облысы Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен физика пәні мұғалімдері арасында педагогикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау, сондай-ақ ұстаздардың пәндік білімін, логикалық ойлау қабілеті мен педагогикалық шеберлігін шыңдау.
Байқау барысында қатысушылар өздерінің терең білімдерін, тапқырлықтарын, жаңашыл көзқарастары мен кәсіби біліктіліктерін таныта білді. Олимпиада тапсырмалары мұғалімдердің теориялық білімін, практикалық дағдыларын және педагогикалық ізденісін саралауға бағытталды.
 Олимпиада қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталып, білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының арнайы сыйлықтарына ие болды. Аудандық кезеңде І және ІІ орын алған жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алды.

 

Ақтөбе облыстық кәсіподағы