Кездесуге Павлодар ауданының әкімі Д.Е. Ибраев, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, облыстық және аудандық кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты. Кездесуді Павлодар облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.А. Науразбаева жүргізді.

Кездесу барысында еңбек заңнамасының өзекті мәселелері, ұжымдық шарттарды жетілдіру, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.

Өз сөзінде А.М. Мұқашева Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауындағы негізгі басымдықтарға тоқталып, олардың білім беру саласын дамытудағы және қызметкерлердің әл-ауқатын арттырудағы маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ салалық кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттарына ерекше назар аударды. Атап айтқанда, кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді нығайту, ұжымдық-шарттық жұмысты жетілдіру, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жас мамандарды қолдау және педагог мамандығының мәртебесін арттыру мәселелерін атап өтті.

Еңбек заңнамасының өзекті мәселелері бойынша Орталық комитет аппаратының құқықтық қызмет жетекшісі Р.М. Қыдырбаева баяндама жасады. Бас маман А.Ж. Бектабанов білім беру ұйымдарындағы ұжымдық шарттарды жетілдіру мәселелерін түсіндірді. Ал Шарбақты аудандық оқу-ағарту қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Н. Сыздықова «PROДоговор: мүдделер теңгерімі және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында ұжымдық-шарттық жұмыстың жаңа тәсілдерімен бөлісті.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, көкейдегі сұрақтарын талқылап, өзекті мәселелер бойынша жауаптар алды.

Кәсіподақтың басты міндеті – әрбір қызметкерге сенімді тірек болу, оның құқықтарын қорғау және лайықты еңбек жағдайларын қалыптастыруға ықпал ету!

Кәсіподақтың күші – бірлікте, ынтымақтастықта және әрбір қызметкердің мүддесін қорғауда!

--
Павлодар облыстық ұйымы