ШҚО білім басқармасы «Зайсан ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ жанынан ашылған "Ерте қолдау қызметі" кабинеті жұмысына қолдау көрсетіп, оның ашылуына демеушілік жасаған “Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы” қоғамдық бірлестігі және «Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігіне шынайы алғысымызды білдіреміз!

    Сіздердің көрсеткен қолдауларыңыз – ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ерте жастан сапалы көмек алуына, олардың дамуына және қоғамға бейімделуіне жасалған маңызды қадам.

    Балалардың болашағына бейжай қарамай, игі іске қолдау білдіргендеріңіз үшін зор ризашылығымызды білдіреміз!

    Еңбектеріңізге табыс, істеріңізге береке, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Игі істеріңіз жалғасын таба берсін!

               https://www.instagram.com/reel/DfW0ApYNU35/?cplk=MWV6aDRxdnN3c3MzZQ==